Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / US Open: Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуд...

US Open: Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде

Спорт 05.09.2021, 05:16 1,358
US Open: Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде
Cурет: Qazaqstan.tv

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Ярослава Шведова US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Жұптық сында «Үлкен дулыға» жарысының 15-ракеткалары болып тіркелген Андрей Голубев пен германиялық Андреас Мьес екінші айналымда босниялық Томислав Бркич – сербиялық Никола Качичпен кездесті. Қазақстандық-германиялық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Аталмыш дуэт 1 сағат 16 минутқа созылған матчта 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. А.Голубев пен А.Мьес үшінші айналымда ширек финалға шығу үшін осы турнирдің 3-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен таласады. Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова аралас жұптық сында франциялық Фабрис Мартенмен ширек финалға шықты. Олар бастапқы кездесуінде доданың 7-ракеткалары, тайбэйлік Чань Хао-Чин – жаңазеландиялық Майкл Винусты 6:4, 3:6, 10:7 есебімен ұтты. Қазақстандық-франциялық жұп екінші айналымда америкалықтар Сачия Викери – Натан Пашамен күш сынасты. Бұл жолы да Шведова мен Мартен супер тай- брейкте жеңісті жұлып алды – 6:4, 4:6, 11:9. Я.Шведова мен Ф.Мартен жартылай финалға шығу үшін украиналық Даяна Ястремская – аустралиялық Макс Пёрселмен шеберлік байқасады. Тағы бір қазақстандық Галина Воскобоева сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы кездесуінде хорватиялық Дарья Юрак пен нидерландылық Матве Миддлкопты 6:2, 3:6, 10:8 есебімен жеңді. Дегенмен екінші айналымда доданың 3- ракеткалары, чилилік Алекса Гуарачи – ұлыбританиялық Нил Скупскиге 7:6 (7:4), 1:6, 8:10 есебімен жол беріп, ширек финалға өте алмай қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде Елена Рыбакинаның төртінші айналымға шыға алмады. Зарина Дияс пен Андрей Голубевтің жұптық сында екінші айналымға өтті. Зарина Дияс ресейлік Варвара Грачевамен бірге екінші айналымда чехиялықтар Мария Боузкова – Луция Градецкаямен кездеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #спорт #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика