Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұрпақ жаны  ұлттық ойынмен шыңдалады

Ұрпақ жаны  ұлттық ойынмен шыңдалады

Әлеумет 26.03.2025, 17:07 952
Ұрпақ жаны  ұлттық ойынмен шыңдалады
almaty-akshamy.kz

Медеу ауданының  №109 бөбекжай-балабақша ұжымы  «Наурыз мейрамын» ерекше атап өтті. Бұл күні ұлттық мерекемен қоса, ұлттық құндылықтар да ұлықталды. «AMANAT»  партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы, Медеу ауданы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  бөлімі,   Алматы қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ресурстық орталығы  бірлесіп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде  мектебі» жобасы  мектебі» жобасы  үлкен шара  ұйымдастырды.

«Әкелер  мектебі» жобасы аясында өткен «Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалады»  деп аталатын отбасылық жарыста ата-аналар мен балабақша бүлдіршіндері   қазақ  халқының ұлттық ойын түрлерін жаңғыртты.   Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша,  аталмыш жарысты ұйымдастырудағы басты  мақсат -  қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін насихаттап,  оны  балабақша бүлдіршіндерінің  бойына сіңіріп, ер балалардың тәрбиесіне әкелердің барынша көңіл бөлуіне ықпал ету.  Жас ұрпақ санасына сергектік сыйлап, ұлы дала ұрпақтарына тән өжеттік, мергендік, күштілік, әділдік сияқты қасиеттерді дамытуды көздеген жарыстың тағы бір көздегені намысты, батыл, рухы мықты ұлдарды  тәрбиелеуге қоғамның назарын аудару.   Осынау  маңызды да мағыналы сайысқа «Тұлпар» және  «Алтын бүркіт» мектепке даярлық тобының бүлдіршіндері мен олардың  әкелері  қатысып,   «Асық ату», «Қой көтеру», «Бұқа тартыс», «Арқан тартыс»,«Садақ ату»    сынды ұлттық ойын түрлерінің көрігін қыздырды.  

Аталмыш спорттық сайысты құрамында  «AMANAT» партиясының  Медеу аудандық филиалы кеңесшісі   Ахмет Болатұлы,  Медеу ауданының  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім бөлімінің маманы Әлия  Омарова, «№106 бөбекжай-балабақша» меңгерушісі  Гүлнар Әскербекқызы,  №114 бөбекжай-балабақша  меңгерушісі Жеңіскүл Сыбанова  сынды  әділқазылар алқасы  қатысушылардың өнерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады.  Жарыс соңында әкелер мен балалардың ойынын жоғары бағаланып, оларға  Алғыс хат пен сыйлық табыс етілді.

Тақырыпқа орай:

Орынбасар Құрмамбаева, №109 бөбекжай-балабақша меңгерушісі:

-Отбасының да, балабақшаның да мақсат-мүддесі біреу - ол бала тәрбиесі.  Халқымызда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген жақсы сөз бар.  Демек, отбасы мен балабақша ынтымақтаса жұмыс істесе, халқының дәстүрін сыйлайтын  тәрбиелі, ұлтжанды ұрпақ қалыптасады.  Міне, балабақша ата-аналарының  бүгінгі жарысқа белсене ат салысып, балаларымен  біргеқатысып жатқаны да  соның айғағы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #салт-дәстүр #ата-ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика