AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үндістанда құтырған пілдер бірнеше адамды өлтірді

Үндістанда құтырған пілдер бірнеше адамды өлтірді

Әлеумет 29.03.2023, 11:04 963 Almaty-akshamy.kz. 
Үндістанда құтырған пілдер бірнеше адамды өлтірді
Сурет: ашық дереккөз

Үндістанның Батыс Бенгалия штатының Джарграм ауданындағы бірнеше ауылында жабайы пілдер жұртшылықтың үрейін қашырды. Жабайы тіршілік иелері үш күн бойы шабуылдап, төрт адамды мерт қылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап,


Басылым мәліметінше, құрбан болғандардың біріншісі Санкрайл кварталының Джиту Хембрам есімді азамат болған. Ер адам пілдердің шабуылынан ауруханада қайтыс болды. Келесі күні Наяграм кварталында піл Дамаянти Махато есімді 24 жастағы қызға шабуыл жасаған. Алған жарақатынан ол да қайтыс болды.



Жабайы жануарлардың келесі құрбаны 25 жастағы Суджит Махато болды. Оқиға Джарграм ауданының тұрғын аудандарының бірінде болған. Жергілікті тұрғын кешке жұмыстан велосипедпен үйіне қайтқан. Кенеттен оның артында піл пайда болды, сосын ол тұмсығымен ер адамды көтеріп, жерге атып ұрған. Жергілікті тұрғындар жігіттің айғайын естіген бетте көмекке жүгірген, алайда жас жігіт оқиға орнында қайтыс болған. Үнді БАҚ-тарының мәліметінше, орман шаруашылығы департаментінің өкілдері қайтыс болған адамның отбасына өтемақы төлеуге уәде берді.


Сол күні кешкі уақытта егде жастағы әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды. 65 жастағы Намита Махато ызаланған пілдер оған шабуыл жасаған кезде үйінің кіреберісінде тұрған. Ол да оқиға орнында қайтыс болды. Осы жантүршігерлік оқиғаның куәгері болған көршісі ештеңе істей алмағанын айтады.


India Times мәліметінше, 28 наурыздағы ақпарат бойынша пілдердің шабуылынан қаза тапқандар саны 9 адамға жеткен.


Осыған ұқсас бірқатар өлім оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызды, олар құқық қорғау органдары мен орман шаруашылығы департаментінің шенеуніктерінің әрекетсіздігіне наразылықтарын білдіре бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құтырған #пілдер #адамды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);