AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жаңа білім мен тың идеялар тоғысқан күзгі мектеп

Жаңа білім мен тың идеялар тоғысқан күзгі мектеп

Алматы Бүгін 17:45 24
Жаңа білім мен тың идеялар тоғысқан күзгі мектеп

ҚазҰУ-да өткен халықаралық күзгі мектепте баспа ісінің болашағы, медиа кеңістіктегі өзгерістер және жасанды интеллектінің шығармашылық салаға ықпалы талқыланды.

Бүгінде жасанды интеллект ақпарат тарату тәсілін ғана емес, баспа ісі мен журналистиканың жұмыс жүйесін де өзгертіп келеді. Бірі жаңа мүмкіндіктерге жол ашса, екіншісі кәсіби жауапкершілік пен ақпараттың шынайылығына қатысты сұрақтарды алға шығарды. Осы мәселелер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық күзгі мектеп аясында талқыланды.

2026 жылдың 5 қарашасында халықаралық күзгі мектептің ашылуы өтті.  Жиынның ашылуын Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Рамазан ашты. Күзгі мектептің ашылу салтанатында журналистика факультетінің деканы Ысқақ Дүйсенбайұлы, Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының төрағасы Әділ Қойтанов, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ бас продюсері Болат Мүрсәлім, «AmalBooks» баспа үйінің директоры, жазушы, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Салменбаева және Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир онлайн форматта құттықтау сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің кәсіби тәжірибе алмасудағы маңызын атап өтті.

Журналистика факультетінің деканы Ысқақ Дүйсенбайұлы жасанды интеллектіні меңгеру заман талабы екенін айтып, технология адамды басқармай, керісінше, адам оны өз мақсатына сай қолдануы керектігін жеткізді. Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының төрағасы Әділ Қойтанов халықаралық баспа тәжірибесіне тоқталып, авторлық құқықты қорғау мен жалған бейнематериалдардың таралуына назар аударды. Оның пікірінше, жасанды интеллект шығармашылықты алмастырмай, оны толықтыратын құрал болуы тиіс.

Жасанды интеллектінің кино мен анимациядағы мүмкіндіктерін Болат Мүрсәлім нақты мысалдармен көрсетті. Бұрын бір мультфильмді әзірлеуге бір ай қажет болса, қазір бұл жұмыс 10 күнде аяқталуы мүмкін. Сондай-ақ ол жасанды интеллект көмегімен жасалған «Ұлық ұлыс» деректі фильмін таныстырды. Дегенмен тарихи көріністерді жасауда ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін дәл беру үшін мамандардың бақылауы қажет екенін атап өтті.

«AmalBooks» баспа үйінің директоры, жазушы әрі саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай болашақ баспагерге қажетті бес дағдыны атады: қаржы табу, өнімді сату, келіссөз жүргізу, зейінді шоғырландыру және жауапкершілік алу. «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Назия Жоямергенқызы ақпарат тұтыну мәдениетінің өзгергенін айтып, жылдамдық пен сенім арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызын түсіндірді. Журналистика технологияға бейімделгенімен, кәсіби жауапкершіліктен ажырамауы керек.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, PhD Аязби Бейсенқұлов «Мәтіннен визуалға бетбұрыс және ЖИ дәуіріндегі педагогикалық креативтілік» тақырыбында баяндама жасап, ChatGPT Edu мен Gemini Notebook құралдарының мүмкіндіктерін салыстырды. Мәтінді визуалды мазмұнға айналдыру және жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде пайдалану жолдарын таныстырды.

Күзгі мектепте көтерілген мәселелер бір маңызды ойды аңғартты: технология қаншалықты дамыса да, баспа мен медиа саласында адам еңбегі мен кәсіби ұстанымның орны бөлек. Жасанды интеллект жұмысты жеңілдетіп, жаңа шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашқанымен, ақпараттың шынайылығын анықтау, мазмұнның сапасын бағалау және оқырман алдындағы жауапкершілікті сезіну адамның еншісінде қалады. Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, ақпаратты саралау, авторлық құқықты сақтау және оқырман сенімін жоғалтпау – бүгінгі маманның басты міндеттері. Осындай кездесулер тәжірибе алмасуға ғана емес, жаңа көзқарас қалыптастырып, кәсіби ізденіске серпін беруге де ықпал етеді. Әсіресе жас мамандар мен студенттер үшін бұл – саланың даму бағытын түсініп, заманауи талаптарға сай білімін жетілдіруге берілген мүмкіндік. Өйткені болашақтың баспагері мен журналисі технологияны меңгерумен қатар, оның мүмкіндігі мен шегін ажырата білетін, шығармашылық ойы мен жауапкершілігі жоғары маман болуы керек.

Аяжан ТОҚТАСЫН,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультетінің

4-курс студенті

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте «Капитал нарығы туралы» заң жобасы таныстырылды

Бүгін 17:45

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды

Бүгін 17:11

Алматыда таеквондодан ел чемпионаты басталды

Бүгін 17:00

Stadler жаңа вагондары Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарына қатынайды

Бүгін 16:32

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізілді

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);