AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығ...

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Білім және ғылым Бүгін 19:00 34
Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

5 қарашада Мәскеу қаласында «Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы» таныстырылды. Қазақстандық жоба «Мемлекет және қоғам» халықаралық номинациясы бойынша ТОП-10 үздік жобаның қатарына еніп, Орталық Азиядан іріктелген үздік ондықтағы жалғыз өкіл атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Таныстырылым цифрлық технологиялар мен коммуникациялар жөніндегі халықаралық форум аясында өтті.

Ахуалдық орталықтың қызметі

Ахуалдық орталық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізуді, азаматтардың өтініштерін талдауды, байланыс орталығының жұмысын және жауапты қызметтермен жедел өзара іс-қимылды біріктіреді. Бұл жүйе мәселелерді ерте кезеңде анықтап, дер кезінде шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоба жетекшісінің пікірі

Жоба жетекшісі Рафаэль Гасановтың айтуынша, орталықтың негізгі міндеті – келіп түскен шағымдарға жауап берумен шектелмей, проблемалық жағдайлардың алдын алуға көшу.

«Өтініштерді тіркеу ғана емес, туындаған мәселелердің себептерін дер кезінде анықтап, жағдай қоғамда кең резонанс тудырмай тұрып шешім қабылдау маңызды. Біз Алматыда дәл осындай тәсілді енгізіп жатырмыз. Бұл тәжірибенің халықаралық деңгейде таныстырылуы біз үшін ерекше маңызды», – деп атап өтті Гасанов.

Нәтижелер мен қолдау

Таныстырылым барысында орталық жұмысының нақты нәтижелері де айтылды. Атап айтқанда, өтініштердің жекелеген санаттары бойынша жедел әрекет ету уақыты жеті күннен 60 минутқа дейін қысқарған.

Гасановтың сөзінше, Алматы қаласы әкімдігінің осындай бастамаларды қолдауы әлеуметтік салаға заманауи технологияларды енгізуге және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Ғылымдағы жасанды интеллект: Мамандар кері есептерді шешудің жаңа тәсілдерін сараптады

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #Халықаралық рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Бүгін 19:31

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

Бүгін 18:15

Жаңа білім мен тың идеялар тоғысқан күзгі мектеп

Бүгін 17:45

Үкіметте «Капитал нарығы туралы» заң жобасы таныстырылды

Бүгін 17:45

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды

Бүгін 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);