AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп...

ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп басталды

Білім және ғылым Бүгін 19:54 16
ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп басталды
ҚазҰУ баспасөз қызметі

Шараға Ұлыбритания, Канада, Түркия және Гонконгтан арнайы келген халықаралық сарапшылар қатысуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жасанды интеллект дәуірі: баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға академиялық орта өкілдері, отандық және шетелдік баспагерлер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ креативті индустрия мен IT саласының мамандары қатысуда.

Халықаралық жиынның ашылуында журналистика факультетінің деканы Ысқақ Егембердиев, Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир, Баспа, полиграфия және кітап тарату ұйымдары қауымдастығының төрағасы Әділ Қойтанов, сондай-ақ Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Салменбаева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бағдарламаның алғашқы күні жасанды интеллектінің телевизия, баспасөз, кітап индустриясы және көркем аудармаға тигізетін әсеріне арналды. Сонымен бірге цифрлық дәуірдегі авторлық құқық пен медиа мамандарының кәсіби жауапкершілігі қозғалды.

Алдағы күндері қатысушылар электронды және аудиокітаптар әзірлеу, мәтінді редакциялау, ЖИ арқылы иллюстрация мен анимация жасау, кітап дизайнын заманауи форматта безендіру және әлеуметтік желілерде кітап өнімдерін насихаттаудың жаңа тәсілдерін меңгереді.

Сонымен қатар мектеп бағдарламасында медиасауаттылық, фактчекинг және жасанды интеллект арқылы таралатын фейк ақпаратпен күрес мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Шараға Ұлыбритания, Канада, Түркия және Гонконгтан арнайы келген халықаралық сарапшылар қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Халықаралық күзгі мектептің жұмысы 19 қарашада қорытындыланып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Бүгін 19:31

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Бүгін 19:00

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

Бүгін 18:15

Жаңа білім мен тың идеялар тоғысқан күзгі мектеп

Бүгін 17:45

Үкіметте «Капитал нарығы туралы» заң жобасы таныстырылды

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);