Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде «Мәңгілік сапт...

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде «Мәңгілік сапта» еске алу іс-шарасы өтті

Әлеумет 06.01.2026, 17:48 287
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде  «Мәңгілік сапта» еске алу іс-шарасы өтті
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде «Мәңгілік сапта» атты еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара 2022 жылғы  Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбаздары – қатардағы Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровты еске алуға арналды.

Іс-шара аясында әскери қызметшілер қаза болған сарбаздардың ерлігіне тағзым етіп, ескерткіш тақталарға гүл шоқтарын қойды, олардың Отан алдындағы адал қызметі мен батылдығын бір минут үнсіздікпен еске алды. Әскери бөлімдерде естелік сөздер айтылып, патриоттық рухтағы тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.

Соның ішінде Талдықорған қаласында орналасқан 5514 әскери бөлімінде өткен іс-шара мазмұнды әрі тағылымды түрде ұйымдастырылды. Жеке құрам сапқа тұрғызылып, қаза тапқан жауынгерлердің есімдері құрметпен аталып өтті. Тағзым ету шарасына Ұлттық ұланның ардагерлері және мектеп оқушылары да қатысты.

5514 әскери бөлімінің командирі полковник Амир Мансуров:

-Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров – әскери антқа адалдықтың, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы Ұлттық ұланның әрбір әскери қызметшісінің жадында мәңгі сақталады. Біз батыр сарбаздарымыздың рухы алдында бас иеміз. Елдің ішкі тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау – біздің қасиетті борышымыз», – деп атап өтті.

Айта кету керек, «Мәңгілік сапта» іс-шарасы Ұлттық ұланның жеке құрамына патриоттық тәрбие беру, қаза тапқан сарбаздардың ерлігін ұлықтау және әскери қызметтің маңызын арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ Ұлттық ұланы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі