конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз әскери борышын өтеп...

Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз әскери борышын өтеп жүр

Әлеумет Бүгін 10:43 37
Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз әскери борышын өтеп жүр
Polisia.kz

Егіздердің өнегелі жолы елге қызмет етудің тек парыз ғана емес, үлкен мақтаныш екенін тағы бір мәрте дәлелдейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құқықтық тәртіп әскерінде егіздерді бір-бірінен ажыратпау дәстүрі қатаң сақталған. Олар бір әскери бөлімшеде бірге қызмет атқарады. Бүгінде Қазақстан бойынша Ұлттық ұлан сапында 40-қа жуық егіздер жұбы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүр.

Солардың қатарында Астана қаласындағы жедел бригадада қызмет ететін Алмас пен Олжас Сүлейменовтер және 6636 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген Ростислав пен Ярослав Тарандар бар. Бір қызығы, қос әскери бөлімде қызмет етіп жүрген егіз жауынгерлердің туған жерлері де бір – Павлодар қаласы.

Сүлейменовтер елорда тыныштығын күзетуге атсалысса, Тарандар әскери бөлімнің қарауыл қызметін мінсіз атқарып келеді. Егіздерді алғаш көрген адам бірден ажырата алмайды. Десе де, қызметтестері уақыт өте келе олардың мінезі мен болмысындағы ерекшеліктер арқылы ажыратуды үйренген.

5573 әскери бөлімінің сарбазы Алмас Сүлейменовтің айтуынша, әскерде егіз бауырыңмен бірге қызмет атқарудың орны бөлек.

– Бала кезден бірге өстік, енді Отан алдындағы борышымызды да қатар өтеп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш әрі ұмытылмас кезең. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, қатар дамып келеміз. Отан алдындағы борышымызды бірге өтеп жатқанымызды мақтан тұтамыз, – дейді қатардағы Алмас Сүлейменов.

Ұлттық ұландағы егіз сарбаздардың қызметі – бауырластықтың, бірліктің және Отанға деген адалдықтың жарқын көрінісі. Олар күн сайын әскери антқа адал болып, жүктелген міндетті абыроймен орындап келеді. Егіздердің өнегелі жолы елге қызмет етудің тек парыз ғана емес, үлкен мақтаныш екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Егіздер #әскери қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Бүгін 11:27

4 миллионнан астам гүл мен жаңа арт-композициялар Алматының ажарын аша түсті

Бүгін 11:25

Елімізде бейнебақылау жүйелерінің алғашқы ұлттық стандарты бекітілді

Бүгін 11:10

Оқушылардың білімін бағалау жүйесін қайта қаралады

Бүгін 10:45

Еңбек кодексінде не өзгеріс бар?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);