Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұлан – ел тыныштығының сенімді тірегі

Ұлттық ұлан – ел тыныштығының сенімді тірегі

Әлеумет 13.01.2026, 14:04 279
Ұлттық ұлан – ел тыныштығының сенімді тірегі
Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. 

Осыдан 34 жыл бұрын құрылған әскери құрылым бүгінде елдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, стратегиялық маңызды нысандарды қорғауда және төтенше жағдайларда азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.

Атаулы күнге орай «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық басқармасында салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында әскери бөлімдердің Ұлттық ұлан құрамындағы елеулі кезеңдерін қамтыған бейнесюжеттер көрсетіліп, жеке құрамға өткен жылдардағы жауынгерлік және қызметтік жолы таныстырылды.

Салтанатты жиында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, әскери қызметшілердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерен еңбегін ерекше атап өтті. — Ұлттық ұлан жауынгерлері — қоғамдық тәртіптің сақшылары, ел тыныштығының тірегі. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз мемлекет қауіпсіздігінің берік негізі болып табылады, — деді қолбасшы.

Салтанатты жиында мінсіз қызметімен және жауынгерлік дайындықтағы жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген бірқатар әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы ІІМ орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және өңірлік қолбасшының бұйрықтарына сәйкес арнайы төсбелгілермен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Ұлттық ұлан әскеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзету, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер жүктелген. Осы жауапты қызметті атқара отырып, Ұлттық ұлан жауынгерлері күн сайын Отан алдындағы борышына адал екенін ісімен дәлелдеп келеді.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның құрылған күніне арналған салтанатты шаралар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдерде де ұйымдастырылып, жеке құрамға рух беретін мазмұнды іс-шаралар өтті. Ұлттық ұлан күні — ел қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген әрбір әскери қызметшінің еңбегін бағалайтын, олардың Отанға деген адалдығын айшықтайтын ерекше мереке.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі