AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үйді апаттардан сақтандыру және онлайн платформала...

Үйді апаттардан сақтандыру және онлайн платформаларды реттеу: 2026 жылға арналған жоспарлар

Әлеумет 30.12.2025, 10:50 1,001
Үйді апаттардан сақтандыру және онлайн платформаларды реттеу: 2026 жылға арналған жоспарлар
Сурет: telegram.org/k/#@KZgovernment

Заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының жобасы азаматтарды цифрлық трансформациялау және әлеуметтік қорғау жөніндегі міндеттерді ескере отырып жасақталды 

Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары әзірленді. Үкімет отырысында азаматтардың мүлкін қорғауға және жаңа технологияларды дамытуға арналған алдағы уақыттағы заңнамалық бастамалар туралы әділет министрі баяндады. 

Жоспарда 12 заң жобасын әзірлеу қарастырылған, олардың негізгілері нақты әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Әлеуметтік қорғау саласында тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң, сондай-ақ еңбек заңнамасына және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне түзетулер әзірленуде. Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша түзетулер және онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері туралы заңнама дайындалуда. Өнеркәсіп блогында мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасын енгізу жоспарлануда.

«Парламентке бірінші жартыжылдықта 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Президенттің әлеуметтік салаға да, цифрлық дамуға да қатысты тапсырмаларын сапалы пысықтауға басымдық берілді», - деп атап өтті министр.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#апаттан сақтандыру #үй #жоспарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда шұғыл көмек қызметі дамып келеді

Бүгін 10:01

Алматыда қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеуге арналған экоакция өтеді

Бүгін 09:53

Еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05

Инвестициялар туралы келісім: Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

Бүгін 08:30

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);