AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны

Әлеумет 31.12.2024, 15:25 948 dulatbekova
«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны
Сурет: kk.eyewated.com

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, өткен 2024 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске салады.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

«ҮЕҰ Дерекқорында» болу Қазақстандағы отандық және шетелдік ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтарға, түрлі ұйымдарға (донорларға) және мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдардың қызықты және табысты жобаларымен танысуға мүмкіндік береді.

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт.

Мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29765 болып тіркелді).

Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорының» https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (есептілік infonpo.gov.kz сайтынан автоматты түрдегі қайта бағыттау арқылы жаңа esep.govtec.kz платформасында жүзеге асырылатын болады) жібере аласыз.

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді ұсынбауды, уақтылы ұсынбауды және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

«ҮЕҰ Дерекқорының» https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталына кірген кезде Сіз порталда өз қызметі туралы мәліметтерді толтыру бойынша
қадамдық алгоритм берілген бейне нұсқаулықпен таныса аласыз - https://esep.govtec.kz/video.mp4.

Сұрақтар пайда болған жағдайда, өңірдің ішкі саясат бөлімдерінің, сондай-ақ ҚР МАМ және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерімен келесі мәліметтер арқылы байланыса аласыз:

«ҮЕҰ Дерекқоры» ҚР МАМ – Олжабаева Шырын Аманбекқызы, 74-04-28, sh.olzhabaeva@mki.gov.kz.

Техникалық қолдау «ЦҮҚО» ШЖҚ РМК - center@govtec.kz.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҮЕҰ Дерекқоры #мәлімет ұсыну #мерзімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);