Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандар салынуда

Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандар салынуда

Әлеумет 13.12.2023, 12:48 1,372
Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандар салынуда
Almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданында халықаралық санының өсуі және белсенді тұрғын үй құрылысының жүруіне байланысты әлеубұл еттік инфрақұрылым нысандарына деген қажеттілік артуда. ӨКҚ брифингінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров жақын арада қандай жаңа әлеуметтік нысандар пайда болатынын, және қандай пайдалануға берілгенін мәлімдеді.


Мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін биыл 1 қыркүйектен бастап Қайрат шағын ауданында 1500 орындық №211 жаңа мектеп-гимназиясы іске қосылды. Сондай-ақ, №59 мектеп-гимназиясының ғимаратында қолданыстағы ғимаратты сейсмикалық күшейту және 300 орындық кеңейту мен қайта жаңарту жүргізілуде.


«2023 жылдың желтоқсан айында 450 орындық №195 мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ, 600 орындық №198 мектепке қосымша салу, №83 гимназия филиалын қайта жаңарту және №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары да жобалануда», - деді Б.Ақжаров.


Бұдан бөлек, студенттерді кәсіптік біліммен қамтуды кеңейту үшін 2024 жылдың I тоқсанында Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылысына қолданыстағы ғимараттарды бұза отырып, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады.


2023 жылдың соңына дейін Қайрат шағын ауданында 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.


Әлмерек шағын ауданында жер телімі алынғаннан кейін 320 орындық балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады.


2023 жылдың соңына дейін Нұршашқан шағын ауданында 100 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория салынады. Ал 2024 жылдың бірінші тоқсанында Айбасов көшесі бойынша 200 келушіге арналған амбулатория құрылысы аяқталады.


«2024 жылдың бірінші тоқсанында Қайрат шағын ауданында 340 келушіге арналған емхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау, және «РВ-90»-да 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулаторияға мемлекеттік сараптаманың шығуын аяқтау жоспарлануда», - деді Түрксіб ауданының әкімі.


Әлмерек шағын ауданының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Жер телімі алынғаннан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады.


Сонымен қатар, әлеуметтік және спорт нысандарына «қадамдық қолжетімділікті» қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың I тоқсанында Жас Қанат шағын ауданында өткізу қабілеті бір ауысымда 149 келушіні құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда. 2024 жылдың ақпан айында аяқталу мерзімімен Майлин көшесі бойындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #Ақжаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика