AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістан облысында «DIGITAL KENTAU – 2026» респуб...

Түркістан облысында «DIGITAL KENTAU – 2026» республикалық форумы өтті

Әлеумет Бүгін 11:04 49
Түркістан облысында «DIGITAL KENTAU – 2026» республикалық форумы өтті
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық коммуникациялар, мобильді контент, жаңа медиа бойынша өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи медиа бағыттарын қамтитын «DIGITAL KENTAU –2026» республикалық ақпараттық-цифрландыру форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, жаңа медиа технологияларын дамыту, мобильді контент өндірісін жетілдіру және цифрлық коммуникациялардың заманауи мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ақпаратты жаңа цифрлық форматта тарату дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілді.

Іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуов және Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Байдаулет Абай қатысып, қазіргі цифрлық дәуірдегі жасанды интеллект технологияларының маңызына тоқталды.

Сөз барысында бүгінгі таңда цифрландырудың барлық салаға еніп, мемлекеттік басқару, экономика, білім беру, ақпараттық коммуникациялар және қоғамдық өмірдің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының елімізді цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және жаңа технологияларды тиімді қолдану бағытындағы бастамаларына тоқталып, заманауи технологияларды игеру – уақыт талабы екенін жеткізді.

Форум барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға заманауи құралдарды тиімді пайдаланудың практикалық жолдарын таныстырды.

Атап айтқанда, Тимур Бектур «ЖИ-мен 10 есе көп жұмыс істеме, 10 есе ауқымды жұмыс істе!» тақырыбында жасанды интеллект арқылы еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс үдерістерін оңтайландыру мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.

Нұржан Исабеков «Жаңа медиа дәуірі: Reels, TikTok, дрон және жасанды интеллект арқылы тиімді контент жасау» тақырыбында әлеуметтік желілердегі заманауи контент өндіру тәсілдері мен жаңа медианың мүмкіндіктерін таныстырды.

Алихан Сламбек «Жасанды интеллект: мүмкіндіктері, қауіптері және этикасы» тақырыбында ЖИ технологияларын қолданудың артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдеріне, сондай-ақ цифрлық ортадағы жауапкершілік пен этика мәселелеріне тоқталды.

Ерлан Сердалиев «Компьютерлік көру: камера қаланы қалай көреді, түсінеді және әрекет етеді» тақырыбында компьютерлік көру технологияларының мүмкіндіктері, бейнебақылау жүйелері және «ақылды қала» тұжырымдамасындағы заманауи шешімдер туралы баяндады.

Форум барысында қатысушылар спикерлермен пікір алмасып, жасанды интеллект, цифрлық коммуникациялар, мобильді контент, жаңа медиа бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

«DIGITAL KENTAU–2026» форумы цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктерін талқылап қана қоймай, заманауи технологияларды тәжірибеде тиімді қолдануға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Форум аясында алынған жаңа білім мен тәжірибе мемлекеттік және қоғамдық коммуникацияларды жетілдіруге, цифрлық сауаттылықты арттыруға және Кентау қаласында инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға жаңа мүмкіндіктер береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек

Бүгін 10:58

Қазақстанда кімдерге тегін заң көмегі көрсетіледі?

Бүгін 10:31

Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 10:23

Болжамдардың дәлдігі артып келеді: «Қазгидромет» ауа райын модельдеу үшін ЖИ қолдануда

Бүгін 10:02

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте сегіз сатыға көтерілді

Бүгін 09:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);