AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұмато...

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден озды

Мәдениет Бүгін 16:08 30
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден озды
facebook.com/saule.zhirenshina

Қазақ телевизиясының қалыптасуына үлес қосқан алғашқы дикторлардың бірі Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 106 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды отандық телевизия маманы Сәуле Жиреншина Facebook парақшасында жеткізді.

Зұлқия Жұматова 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 15 жасында анасынан айырылған Зұлқия Мұқанқызы сегіз баланың үлкені ретінде бауырларына қамқор болған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зауытта еңбек еткен.

Оның өмір жолындағы маңызды кезең 1958 жылмен тұспа-тұс келді. Алматы телестудиясы ашылар кезде дикторлар байқауына қатысқан Зұлқия Мұқанқызы 750 үміткердің арасынан іріктеліп шықты. Сол жылдың 8 наурызында Нелли Омаровамен бірге қазақ телевизиясының алғашқы эфирін ашқан дикторлардың бірі болды.

Ол 1958-1970 жылдары Қазақ телевизиясында қызмет етіп, ұлттық телеэфирдің қалыптасуына атсалысты. Тікелей эфирде жұмыс істеген алғашқы дикторлардың бірі ретінде кәсіби шеберлігімен танылды.

Зұлқия Мұқанқызы телевизиядағы қызметімен қатар әдеби шығармашылықпен де айналысқан. Балаларға арнап өлеңдер мен ертегілер жазды. Оның «Бөбегім» атты бесік жырына композитор Бақытжан Байқадамов ән шығарған. Бұл туындыны белгілі әнші Жамал Омарова орындаған. Сондай-ақ ол мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Мараттың таңдауы» кітабының авторы. Кітап 200 мың данамен жарық көрген.

2026 жылғы маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика мен телевизия саласына сіңірген еңбегі үшін Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттаған.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #телевизия #Зұлқия Жұматова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Sarbaz+ жобасының алғашқы түлектері әскери қызметін аяқтады

Бүгін 15:07

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Бүгін 14:05

Нұрқанат Серікбаев Гран-приде жеңіске жетті

Бүгін 13:03

Қазақстан мен Жапонияның әскери дәрігерлері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

Бүгін 12:05

Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);