AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қ...

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Заң мен тəртіп Бүгін 14:05 36
Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды
Polisia.kz

Күдікті мәйіт жасырылған жерді көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты.

2023 жылғы қыркүйекте полицияға жоғалған күйеуін іздестіруді сұрап әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, жұбайы жұмыс істеу үшін басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпаған. Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен сол уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады.

Соған қарамастан, хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Полицейлер оқиғаның түрлі нұсқасын мұқият тексеріп, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына осы кісі өлтіру қылмысын жасағаннан кейін басқа қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азамат ілікті. Оның ер адамның жоғалуына қатыстылығын тексеру үшін қосымша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады және мәйіт жасырылған жерді көрсетті. Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырады. Әрбір қылмысқа құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң алдында жауап беруі тиіс. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты ішкі істер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден озды

Бүгін 16:08

Алматы облысында Sarbaz+ жобасының алғашқы түлектері әскери қызметін аяқтады

Бүгін 15:07

Нұрқанат Серікбаев Гран-приде жеңіске жетті

Бүгін 13:03

Қазақстан мен Жапонияның әскери дәрігерлері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

Бүгін 12:05

Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);