AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен...

Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Заң мен тəртіп Бүгін 17:03 60
Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды
Polisia.kz

Ер адамның шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алғаны анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ІІМ қызметкерлерінің ұзақ уақыт жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде діни экстремизмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды.

ІІМ жедел уәкілдері ұзақ уақыт бойы күдіктінің заңға қайшы әрекеттерін, оның ішінде интернет кеңістігіндегі қызметін анықтау және құжаттау бойынша жұмыс жүргізді.

Тергеу деректеріне сәйкес ер адам 2024 жылдан бері Қазақстаннан тыс жерде жүріп, радикалды идеяларды таратуды жалғастырған. Ол Telegram мессенджеріндегі жабық топтарға әкімшілік етіп, онлайн дәрістер өткізіп, өз жақтастарына идеологиялық тұрғыда ықпал еткен.

Күдікті шетелде болғанына қарамастан, оның әрекеттері құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында болды. Бұған дейін оның бірқатар аудиодәрісі терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сот шешімімен экстремистік материалдар деп танылған.

Ер адамның шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алғаны анықталды. Ол жақтастары арасындағы беделін пайдаланып, 2024-2025 жылдары олардан 60 млн теңгеден астам қаражат алған.

11 қарашада жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталды. Сонымен қатар Алматы қаласы мен Жамбыл облысында бір мезгілде тергеу әрекеттері жүргізілді. Тінту барысында экстремистік идеология белгілері бар діни әдебиеттер мен қолжазба материалдар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері заңға қайшы әрекеттердің барлық мән-жайын анықтау, ықтимал сыбайластары мен басқа да қатысы бар адамдарды әшкерелеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Экстремистік идеологияны таратуға және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет, оны ұйымдастырушылардың Қазақстанда немесе шетелде болуына қарамастан, анықталып, жолы кесіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден озды

Бүгін 16:08

Алматы облысында Sarbaz+ жобасының алғашқы түлектері әскери қызметін аяқтады

Бүгін 15:07

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Бүгін 14:05

Нұрқанат Серікбаев Гран-приде жеңіске жетті

Бүгін 13:03

Қазақстан мен Жапонияның әскери дәрігерлері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);