AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрік компаниясы 6 миллиард теңгені қайтарып берді

Түрік компаниясы 6 миллиард теңгені қайтарып берді

Әлеумет 23.09.2024, 12:47 1,380 Bakyt
Түрік компаниясы 6 миллиард теңгені қайтарып берді
t.me/kozachkow

Әділет министрлігі салынбаған жол үшін төленген 6 миллиард теңгені қайтарып алды

Халықаралық сауда палатасының Арбитраж соты Қазақстан Республикасы үкіметі мен түрік компаниясы F&A Road Construction арасындағы дауды қарастырды.

2021 жылы түрік компаниясы Қазақстанның Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен «Қүрті - Бурылбайтал» автожолын жасау туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Мемлекеттік орган мердігерге 5,9 миллиард теңге көлемінде аванс төледі, бірақ белгісіз себептермен мердігер жұмысты бастамады.

Автомобиль жолдары комитеті төленген қаржыны өз бетінше қайтаруға тырысқанымен, келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Осыдан кейін, үкіметтің тапсырмасы бойынша, Әділет министрлігі мердігерге қарсы арбитраждық іс қозғады.

White & Case LLP заңгерлік фирмасы бұл істі 280 мың долларға алып, Қазақстан үкіметінің атынан арбитражға жүгінді. Арбитраждық іс қарауға кететін жарна 85 мың долларды құрады.

Түрік серіктестері өз мүмкіндіктерін шынайы бағалап, дауды бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Нәтижесінде, мердігер авансты қайтаруға, заңгерлердің қызмет ақысын төлеуге және арбитраждық шығындарды өтеуге міндеттеме алды.

Айта кету керек, дәл қазір осыған ұқсас үш іс бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Бұл істерде де шетелдік кәсіпорындар Қазақстаннан аванс алып, міндеттемелерін орындамай, қаржыны қайтармаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әділет министрлігі #Арбитраж соты #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);