AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғындар қалыпты өмірге орала бастады

Тұрғындар қалыпты өмірге орала бастады

Әлеумет 18.09.2021, 14:04 1,381 Almaty-akshamy
Тұрғындар қалыпты өмірге орала бастады

Ақсу ауданында барлық тұрғын вакцина салдырды.


Алматы облысының Ақсу ауданында тұрғындардың барлығы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.


Нәтижесінде індет тарау көрсеткіші төмендеп, жергілікті халық қалыпты өмірге орала бастады.



«Былтыр жетінші айларда қатты болды ғой. Туған-туыстардың өлген қазасына бара алмай, балалар да әркім өз үйінде отырып, қорқыныш болды. Вакцина алғаннан кейін қорқыныш сейіліп, бәріміз баратын жерімізге барып, ақырын-ақырын қонаққа барып, кісі шақырып, сөйтіп жатырмыз. Ешқандай қорқыныш жоқ», - дейді Суықсай ауылының тұрғыны Нұрғайша Мәденқызы. 



Ақсу ауданында Суықсай сияқты 17 ауылдық округ бар. Олардың әрқайсында стационарлы екпе салу пункттері жұмыс істейді. Сонымен қатар шалғай ауылдар үшін 2 жылжымалы кешен қызмет көрсетіп жатыр



«Егер бұрында күніне 45-50 адам келсе, бүгінгі күні бірінші турға 10-15 адам келеді. Өйткені көбісі бірінші турды қойып тастаған. Қазір екінші турға наплыв болып жатыр. Аудандағы 38 мыңнан аса адамның 20 мыңнан астамы екпе салдыруға жарамды деп танылған. Бүгінгі күні барлығы да вакцина алды. Нәтижесінде аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақтала түскен», - деді дәрігер Гүлжан Қуатқызы.



Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, қазір вирустық өсім азайған.



«Бізде өсім жоқ. Қазір екі жетілікті алсақ, бізде он бір жағдай ғана. Былай айтқанда, біз «жасыл аймақта» десек болады. Осы нәтижесі. Бұл осы вакцинацияның нәтижесі деп ойлаймыз. Алматы облысында бүгінгі күнге дейін 725 мың адам вакцина алған. Бұл екпе алуға болатын азаматтардың 66%-і. Жалпы өңірде 1 млн бір жүз мыңнан аса тұрғынның иммунитетін жасанды жолмен күшейту көзделген», - дейді  Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #вакцина #қалыпты өмір #Пандемия #эпидемия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);