AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғын үйге сұраныс неге төмендеді?  

Тұрғын үйге сұраныс неге төмендеді?  

Әлеумет Бүгін 14:05 20
Тұрғын үйге сұраныс неге төмендеді?  

Сарапшылар мұны ипотеканың қымбаттауы, зейнетақы жинағын пайдалану талаптарының өзгеруі, салық жүктемесінің артуы және тұрғын үй бағасының өсуімен байланыстырып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы қазанда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 864 мәміле тіркелді. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 10%-ға аз. Ал қаңтар-қазан айларында мәмілелер саны өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға, яғни шамамен 27 мыңға қысқарған.

Еnergyprom.kz хабарлағандай, мәмілелер саны еліміздің 20 өңірінің 15-інде азайған. Жалпы төмендеудің 97%-дан астамы бес өңірге тиесілі. Атап айтқанда, Астанада мәмілелер саны шамамен 15 мыңға, Алматыда 7,3 мыңға қысқарған. Батыс Қазақстан облысында 1,8 мыңға, Шымкент пен Павлодар облысында мыңнан астам мәмілеге азайған. Ал Түркістан облысын қоса алғанда, бес өңірде керісінше өсім байқалған.

Сұраныстың төмендеуіне әсер еткен негізгі себептердің бірі – сатып алушылардың баспананы былтыр жыл соңында жаппай рәсімдеуі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға көтерілетініне байланысты 2025 жылғы желтоқсанда 53 128 мәміле жасалған. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Тағы бір фактор – зейнетақы жинағын пайдалану талаптарының қатаюы. 2026 жылғы 5 маусымнан бастап ең төменгі жеткіліктілік шегі 79%-дан астамға өсті. Мәселен, 30 жастағы азамат үшін бұл көрсеткіш 5,1 млн теңгеден 9,8 млн теңгеге дейін көтерілді. Соның салдарынан зейнетақы жинағындағы артық қаражатты тұрғын үйге жұмсау мүмкіндігі шектелді.

Ипотеканың қымбаттығы да сұранысқа әсер етіп отыр. Жыл басында базалық мөлшерлеме 18% болса, 23 қазанда 15,75%-ға дейін төмендеді. Алайда бұл өзгеріс ипотекалық несие құнына бірден әсер етпейді.

Бұған қоса, «Отбасы банкінің» «Наурыз» бағдарламасы бойынша биыл 16 мың адам іріктеуден өткен. Былтыр екі кезеңде 21 мың адам баспана алуға мүмкіндік алған. Яғни жеңілдетілген бағдарламаға қатысушылар саны 31%-ға азайған.

Тұрғын үйдің қымбаттауы мен халық табысының баяу өсуі де сатып алу қабілетін төмендеткен. Жаңа баспана бағасы 14 ай қатарынан екі таңбалы қарқынмен өссе, халықтың нақты табысы биыл екінші тоқсанда небәрі 0,7%-ға артқан.

Мамандар мәмілелер санының азаюы тұрғын үй нарығында дағдарыс басталды дегенді білдірмейтінін айтады. Олардың пікірінше, нарық былтырғы жоғары белсенділіктен кейін жаңа экономикалық жағдайларға бейімделіп жатыр.

Сонымен қатар мәмілелердің азаюы баспана бағасы міндетті түрде арзандайды деген сөз емес. Құрылыс шығындары өсіп жатқандықтан, құрылыс компаниялары бағаны түсіруден гөрі жеңілдіктер мен бөліп төлеу шарттарын ұсынуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыстары аяқталуға жақын

Бүгін 14:13

Ортақ меншік: құқықтарды нақты айқындау – даулардың алдын алу жолы

Бүгін 14:09

Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті

Бүгін 13:33

«Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру: Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Бүгін 13:30

Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);