AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ортақ меншік: құқықтарды нақты айқындау – дауларды...

Ортақ меншік: құқықтарды нақты айқындау – даулардың алдын алу жолы

Саясат Бүгін 14:09 28
Ортақ меншік: құқықтарды нақты айқындау – даулардың алдын алу жолы
Елеужан Серімовтің фейсбук парақшасынан

Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық айналымның нақты қажеттіліктеріне жауап беріп, құқықтық нормаларды өмірлік жағдайлармен ұштастыруы керек, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика және құқықтық терминология орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов Азаматтық кодексті жетілдіру жөніндегі ойларымен бөлісті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу қажеттігіне назар аударуы азаматтық-құқықтық қатынастарды заман талабына сай жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл бастаманы қолдаймын. Әсіресе ортақ меншік қатынастарын реттеуді жетілдіруді маңызды бағыттардың бірі деп санаймын.

Ортақ меншік институты азаматтардың күнделікті өмірінде жиі кездеседі: ерлі-зайыптылардың мүлкі, мұрагерлерге өткен мүлік, бірнеше тұлға бірлесіп сатып алған жылжымайтын мүлік немесе өзге де ортақ активтер. Мұндай қатынастарда меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері нақты айқындалмаса, мүлікті пайдалану, иелену және оған билік ету мәселелері бойынша келіспеушіліктер туындайды.

Мәселен, ортақ мүлікті пайдалану тәртібін белгілеу, оны күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды бөлу, бір меншік иесінің өз үлесіне билік етуі немесе мүлікті бөлу кезінде өзге қатысушылардың мүдделерін сақтау – тәжірибеде жиі кездесетін құқықтық мәселелер", – дейді .

Заңгердің ойынша, жаңа Кодексті әзірлеу барысында ортақ меншік иелерінің құқықтарын жүзеге асыру тәртібін неғұрлым нақтылау, олардың бір-бірінің заңды мүдделерін ескеру міндетін айқындау және дауларды сотқа дейін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық тетіктерді дамыту орынды болар еді.

"Мұндағы мақсат – меншік иелерінің құқықтарын шектеу емес, керісінше, әрбір қатысушының құқықтық жағдайын түсінікті әрі болжамды ету. Өйткені мүліктік қатынастардағы айқындық азаматтар арасындағы сенімді нығайтып, сот дауларының алдын алуға ықпал етеді. Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық айналымның нақты қажеттіліктеріне жауап беріп, құқықтық нормаларды өмірлік жағдайлармен ұштастыруы керек. Ортақ меншік қатынастарын жетілдіру осы міндетті іске асырудың маңызды бөлігі бола алады", – деп түйіндеді ғалым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыстары аяқталуға жақын

Бүгін 14:13

Тұрғын үйге сұраныс неге төмендеді?  

Бүгін 14:05

Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті

Бүгін 13:33

«Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру: Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Бүгін 13:30

Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);