AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шаралар...

Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді

Алматы Бүгін 13:28 39
Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді
Алматы әкімдігі

Су басуы мүмкін жерлерде алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін түстен кейін Алматыда жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қаланың коммуналдық және жедел қызметі су басу қаупіне жедел әрекет ету үшін арнайы техника мен мамандарды дайындады. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

«Қазгидромет» болжамынша, жауын-шашын сағат 15:00-ден кейін басталып, түнгі сағат 02:00-ге дейін жалғасады. Жауын-шашын мөлшері 5 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы +17…+19 °С шамасында болады.

Су басуы мүмкін жерлерде алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. 1 579 жол қызметкері, 415 арнайы техника, 97 мотопомпа және құм салынған 5 мыңға жуық қап дайын тұр.

Су жиналу қаупі бар учаскелерге ассенизаторлық көліктер мен су соруға арналған жабдықтары бар бригадалар орналастырылады.

Коммуналдық қызметтің күнделікті жұмысына 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника тартылады. Көше мен жолдың тазалығын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз жауын-шашын болмайды. Алайда 26 қараша күні түстен кейін жаңбыр қайта жаууы мүмкін.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жол мен тротуарда абай болу, су жиналуы мүмкін аумақтардан аулақ жүру ұсынылады. Жүргізушілер жаңбыр кезінде көлік жылдамдығын азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті

Бүгін 13:33

«Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру: Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Бүгін 13:30

Алматының дамуына үлес қосамын!

Бүгін 13:24

Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды

Бүгін 13:15

Жыл басынан су нысандары аумағындағы 18 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 13:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);