AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті

Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті

Сайлау 2026 Бүгін 13:33 21
Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті
Фото: adilet-partiyasy.kz

Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері №29 қалалық емхананың еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық көмекті жетілдіру және халық денсаулығын нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алатау аудандық сайлауалды штабының мүшелері және емхана қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ауруларды ерте диагностикалау, профилактикалық шараларды күшейту және ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, 2031 жылға қарай халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған міндеттер қарастырылды. Қатысушыларға партия бағдарламасындағы тұрғын үй саясатының басымдықтары да таныстырылды. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 33 шаршы метрге жеткізу және жалпы көлемі 16,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғаны айтылды.

Жиын соңында сайлауалды штаб өкілдері емхана қызметкерлерін 29 қарашада өтетін Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В.Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру: Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Бүгін 13:30

Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді

Бүгін 13:28

Алматының дамуына үлес қосамын!

Бүгін 13:24

Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды

Бүгін 13:15

Жыл басынан су нысандары аумағындағы 18 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 13:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);