AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыст...

Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыстары аяқталуға жақын

Алматы Бүгін 14:13 27
Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыстары аяқталуға жақын
Алматы әкімдігі

Мыңдаған өсімдік егіліп, жүргіншілер аймағы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Күләш Байсейітова атындағы көшені көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда жүргінші инфрақұрылымы жаңартылып, аумақ көгалдандырылуда, суару жүйесі орнатылып, көше жарығы жаңғыртылып жатыр.

Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Жоба аясында жылтыр ырғай, ақ дерен, арша және сыпыртқы тәрізді гортензия секілді 10 392 сәндік бұта егу көзделген. Сонымен қатар сальвия мен қылтанбаспен қоса, 804 көпжылдық өсімдік отырғызу жоспарланған. Аталған аумаққа бес еуропалық жөке ағашы да егілді.

Жасыл желекті тиісті деңгейде күтіп баптау үшін 4 шақырым тамшылатып суару жүйесі тартылды. Бұл өсімдіктерді қажетті ылғалмен қамтамасыз етіп, көгалдандырылған аумақтарды күтіп ұстауға мүмкіндік береді.

Жүргінші инфрақұрылымын жаңарту бойынша да ауқымды жұмыс атқарылды. Көшеге 5 893 шаршы метр жаңа төсем төселді. Оның 2 730 шаршы метрі – гранит, 3 163 шаршы метрі – асфальт төсемі. Қала тұрғындарының демалуы үшін 17 орындық орнатылды.

Көркейту аясында көше жарығын жаңарту да көзделген. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан аумақты жарықтандыру үшін уақытша бір шамды жарық тіректері орнатылды. Жүргінші жолын реттеу жұмысы аяқталғаннан кейін олар жаңа екі шамды жарық тіректеріне ауыстырылады.

Көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. Көшені жаңартудағы мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасыл желегі мол, жайлы әрі қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру.

Айта кетейік, көше ұлттық музыка өнерінің дамуына сіңірген еңбегі Қазақстан тарихында айрықша орын алатын қазақтың көрнекті опера әншісі Күләш Байсейітованың атымен аталады. Алматы қалалық ортаны жаңарта отырып, есімі қала көшелеріне берілген көрнекті мәдениет қайраткерлерінің рухани мұрасын қастерлеп, олардың есімін ұлықтап келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеті кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді

Бүгін 14:15

Ортақ меншік: құқықтарды нақты айқындау – даулардың алдын алу жолы

Бүгін 14:09

Тұрғын үйге сұраныс неге төмендеді?  

Бүгін 14:05

Кандидаттар алматылық дәрігерлермен кездесті

Бүгін 13:33

«Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру: Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Бүгін 13:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);