TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады

TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады iapn.kz

Монеталардың сатуға шығарылатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкі қосымша хабарлайтын болады. 

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан AQ TUŃǴIYQ, «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан ERÝLIK және «Жаратылыс сырлары» сериясынан ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

AQ TUŃǴIYQ коллекциялық монеталары туралы

AQ TUŃǴIYQ (Ақ тұңғиық) – Қызыл кітапқа енгізілген, Қазақстанда сирек кездесетін гүл. Алғаш рет монета мөлдір эмальмен толтырылып, құмды түбі мен тастары бар су беті әсерін беретін жаңа технология қолданылады.

Монеталар:

- 3Д технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 100  грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, дайындау таралымы – 500  (бес жүз) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

ERÝLIK коллекциялық монеталары туралы

Ерулік – бұл береке-бірлік пен өзара көмек, қонақжайлылық рухын білдіретін қазақ дәстүрі.

Монеталар:

- «интерференциялық құбылмалы қабат» технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңге, дайындау таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

- нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңге, таралымы – 100 000 (бір жүз мың) дана.

Нейзильберден дайындалған монетаның бейнесі

ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталары туралы

ÙNDILIK TANYM – ежелгі өркениеттердің әлем жаратылысы туралы мифологиялық теорияларына арналған «Жаратылыс сырлары» сериясының екінші монетасы. Пілдердің үстінде тұрған тасбақадағы әлемнің бейнесі ежелгі үнді космологиясындағы Ғаламның құрылымын бейнелейді және көбінесе эпикалық және мифологиялық мәтіндерде сипаттауда қолданылады. Тасбақа – Вишну құдайының бейнесі ғаламның негізі мен орнықтылықты білдіреді.

Монеталар тантал қондырмасымен 925 сынамалы күмістен күрделі технология бойынша дайындалған. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:54

19:25

19:14

18:39

18:37

18:23

17:46

17:40

17:37

17:34

17:27

17:16

17:06

17:05

17:01

16:50

16:39

16:37

16:25

16:11

15:51

15:43

15:42

15:19