Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев Талдықорғандағы Jetysu Аrena жабық мұз айды...

Тоқаев Талдықорғандағы Jetysu Аrena жабық мұз айдынын аралады

Саясат 27.10.2023, 10:28 1,385
Тоқаев Талдықорғандағы Jetysu Аrena жабық мұз айдынын аралады
Сурет: Akorda.kz

Бұл спорт нысаны толықтай жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы жаңадан салынған Jetysu Аrena жабық мұз айдынын аралап, спортшылармен әңгімелесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Спорт нысаны толықтай жеке кәсіпкердің қаражатына салынып, Республика күні ашылған. Жалпы инвестиция көлемі – шамамен 900 миллион теңге.


Кәсіпкер Мұхаметжан Серікұлының айтуынша, бұл нысанда тұрғындар шорт-трек, хоккей және мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлерімен айналыса алады.


Сонымен қатар мұнда паралимпиадалық, яғни шаналы хоккеймен шұғылдануға болады. Елімізде хоккейдің бұл түрімен айналысуға арналған екі мұз аренасы бар. Оның бірі Астанада, екіншісі осы Талдықорған қаласында ашылып отыр.



Нысанның жалпы аумағы – 2235,8 шаршы метр. Кешен кәсіби технологиялық құралдармен, оның ішінде тоңазытқыш, мұз құю және спорт жабдықтарымен қамтылған. Соның нәтижесінде мұнда жыл бойы үздіксіз жаттығуға мүмкіндік бар. Аталған жабық мұз айдыны Құрлықаралық хоккей лигасының және Ұлттық хоккей лигасының стандарттарына сай келеді.



Қасым-Жомарт Тоқаев ел игілігі үшін еңбек етіп жатқан кәсіпкерге ризашылығын білдірді.



Президент спортшылармен әңгімелесу кезінде мемлекет аталған саланы одан әрі қолдайтынына тоқталып, жастардың спортпен тұрақты айналысқанын құптайтынын айтты.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #инвестиция #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48

Алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:40

Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Бүгін 16:15

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика