Тоңғақтықтың 9 себебі

Тоңғақтықтың 9 себебі Сурет: Medical Note

Күздің соңғы айы болса да, күннің суықтығы қыстың ызғарынан кем түсер емес. Еліміздің біраз өңірінде қар жауды, күн суытты. Көшеде қыдырып жүретін күн жоқ, дегенмен жылы үйде отырып та бойы жылымайтын адамдар болады. Олардың елден ерекше тоңғақ болуына не себеп?


Тоңғақтықтың себебін адам ағзасының ерекшелігінен іздеудің керегі жоқ. Ол кейде денсаулыққа қатысты мәселеден туындаса, кейде өмір салтына да байланысты болады. Сонымен үнемі тоңып жүруге сіздің қандай әдеттеріңіз себеп болуы мүмкін?


1. Сіз қатаң диета ұстанасыз


Үнемі. Немесе уақытша. Егер екіншісі болса - диетадан шыққан кезде, ағза өзіне қажет деңгейде қайтадан қыза бастайды. Диета кезінде сіздің ағзаңыз майдың төмен пайызын ұстап тұру және сізге өмір сүру үшін қуат беру үшін зат алмасу процесін баяулатады. Осының кесірінен тоңып жүресіз.


2. Майды аз жейсіз


Бірінші және екінші әдеттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін. Табиғат біз үшін бәрін ойластырып қойған - суық мезгілде майлы нәрсе жегіміз келуі бекер емес. Май денені қыздырып тұрады. Бірақ, майлы екен деп тәтті бәліштерге жүгірудің қажеті жоқ, пайдалы майларды - жаңғақтар, балық, авокадо, зәйтүн майын тұтынған жөн.


3. Қимыл-қозғалысыңыз аз


Қарапайым тілмен айтқанда, сіз көп отырасыз (немесе жата бересіз). Дене қимылының аздығы қан тамырларға ғана теріс әсер етіп қоймай, зат алмасуды да баяулатады. Сондықтан  тым болмаса жаттығу жасауды бастаңыз.


4. Аз ұйықтайсыз


Ұйқының сапалы болуы  өте маңызды. Егер ұйқыңыз жеткіліксіз болса, гипоталамусқа (мидың эндокриндік жүйенің жұмысын бақылайтын  бөлшегі) көп күш түседі және ол сіздің дене қызуыңызды реттеуге жауапты болғандықтан, сіз ылғи тоңып жүресіз.


5. Ақуызды аз тұтынасыз


Ақуыз адам ағзасындағы термогенезді (ағзадан жылудың бөлінуі) жүзеге асыруға көмектеседі - ол тағамды қорыту кезінде пайда болатындықтан дененің қызуы жоғарылайды. Неғұрлым көп ақуыз жесеңіз, термогенез соғұрлым ұзағырақ болады. Сондықтан әр тағамға ақуыз қосуға тырысыңыз.


6. Темірі бар тағамдарды аз жейсіз


Темірдің қан жасушаларына оттегін ағзаға тасымалдауға көмектесетінін  және қоректік заттармен бірге аяқ-қолға жылу беретінін білесіз бе? Қол-аяғыңыз үнемі жылымай ма? Мұның себебі темірдің жетіспеушілігі болуы мүмкін. Қарақұмық, бауыр, шпинат, брокколи, қызылша жеңіз. Ал темір жетіспеушілігінен зардап шексеңіз (оны қан талдауы арқылы білуге болады), құрамында темірі бар дәрі-дәрмектермен емделуге тура келеді.


7. Суды да аз ішетін болуыңыз мүмкін


Адам ағзасында сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде болуы зат алмасу жылдамдығына әсер етіп, денедегі жылуды сақтап тұрады.


8. Кофені көп ішетін боларсыз?


Күнделікті ішетін кофеңіздің  саны шектеулі болуы керек (көп дегенде 2-3 шыныаяқ), өйткені кофеиннің көп мөлшері қан тамырларының тарылуына әкеледі, осының әсерінен бойыңыз жыли алмайды. Алкоголь тұтынудың да нәтижесі осындай.


9. В12 дәрумені бар тағамдарды жемейсіз


Бұл дәрумен қалыпты дене қызуын сақтауға көмектесетін эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) түзілуіне себепші болады. Тиісінше, осы дәруменнің жетіспеушілігінен эритроциттер де аз болады. Тамақтануыңызға ет, тауық, балық, жұмыртқа және сүт өнімдерін қосыңыз.


 Енді бұл әдеттерден басқа  тоңғақтыққа тағы не әсер ететінін айтайық.


Қан қысымының төмен болуы


Гипотония (қан қысымының төмен болуы) тұқым қуалауы немесе туа біткен болуы, кейде жүре пайда болуы мүмкін. Қан қысымының төмен болуына байланысты қан айналымы нашарлайды және сонымен бірге терморегуляция (ағзаның жылуды сақтау қабілеті) да нашарлайды. Жалпы жүрек-қан тамырлары аурулары тоңғақтыққа себеп болуы мүмкін - кез келген жағдайда дәрігердің кеңесі қажет.


Қалқанша безінің бұзылуы


Тоңғақтықтың тағы бір себебі осы болуы мүмкін,  өйткені гипотиреоз - гормонның жеткілікті бөлінбеуі. Мұндай жағдайда зат алмасу процесі баяулайды. Ауру симптомсыз да басталып кетуі мүмкін, сондықтан басқа эндокринолог дәрігерге көрініп қойған дұрыс.


Вегетотамырлық дистония


Бұл ресми түрде тіркелген ауру емес, шаршау, әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, ұйқысыздық және суық тию сияқты симптомдардың жиынтығы.


Бүйрек ауруы


Бүйрек жұмысындағы бұзылыстар кесіренен дене ісінеді, бұл қан тамырларының қысылуына әкеліп соқтырады.  Бірінші болып, әдетте, аяқ-қол мұздайтын болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:36

11:25

10:36

09:50

09:43

09:01

08:49

08:01

20:25

19:51

19:02

18:49

18:42

18:02

17:38

17:29

16:40

16:24

16:18

15:52

15:31

15:25

15:08

14:22

13:35