AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ТМД елдері ойындарында қазақстандық спортшылар тай...

ТМД елдері ойындарында қазақстандық спортшылар тай боксынан 11 медаль еншіледі

Спорт 09.09.2021, 16:22 1,408
ТМД елдері ойындарында қазақстандық спортшылар тай боксынан 11 медаль еншіледі
Сурет: k-1spb.ru

Жерлестер жетістігі: жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орын алды


Бүгін ТМД елдері ойындарында тай боксынан жеңімпаздар белгілі болды. Қазақстан құрамасы бұл сында бір алтын, алты күміс пен төрт қола медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлдар арасында Шәміл Ермағамбетов 54 кило салмақтың финалында беларусь Никита Мирончикті жеңіп, чемпион атанды.


Өкінішке қарай, Руслан Заякин (71 кг) ресейлік Константин Шахтариннен, Александр Цариков те (81 кг) ресейлік Али Алиевтен, Евгений Зимин де (91 кг) ресейлік Дмитрий Васеневтен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Владимир Антонов (+91 кг) Беларусь өкілі Федор Калтунға жол беріп, екінші орыннан көрінді.


Ал Рүстем Әменжанов (57 кг) пен Бақытжан Марат (75 кг) үздік үштікті қорытындылап, қола жүлдеге қол жеткізді.


Қыздар арасында Розалина Величко (57 кг) ресейлік Мария Климоваға, Виктория Голошубова (63,5 кг) ресейлік Валерия Албулға финалда есе жіберді. Сондай-ақ Диана Төлеуова (48 кг) мен Диана Пивцова (51 кг) қола медальге ие болды.


Бұдан бөлек, Владислав Голошубов (60 кг) пен Евгений Зайцев (63,5 кг) өз салмағында 7-сатыға жайғасса, Ахмет Асқар (67 кг) 6-орынға тұрақтады.


Айта кетейік, тай боксынан 1998-2004 жылы дүниеге келген спортшылар 16 жүлде жиынтығын (ұлдар арасында 10, қыздар арасында 6 салмақта) сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Беларусьтен кейін үшінші орын алды.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тай боксы #жүлде #медаль #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);