конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту үшін...

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту үшін жаңа функцияларды іске қосады

Әлеумет 13.03.2025, 09:07 836 Bakyt
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту үшін жаңа функцияларды іске қосады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

TikTok платформасы жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру және ата-аналардың бақылау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жаңа функцияларды енгізетінін хабарлады. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Жаңартулар ата-аналарға балалардың TikTok-тағы белсенділігін қадағалауға, ал жасөспірімдерге қосымшада өткізетін уақытын басқаруға көмектеседі.

TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, платформа сағат 22:00-ден кейін TikTok қолданушылардың назарын экраннан алшақтатып, демалуына көмектесетін арнайы ескертулер қосуды көздейді.

TikTok-тағы «Отбасылық баптаулардың» жаңа мүмкіндіктері

TikTok-та ата-аналардың бақылау жүйесі енгізілгеніне бес жыл болды. Осы уақыт ішінде платформа сарапшылардың ұсыныстарын және ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, жүйені үнемі жетілдіріп келеді. Жаңа функциялар ата-аналарға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

🔹 Балаларының TikTok қолдану уақытын шектеу (мысалы, оқу немесе ұйқы уақытында).
🔹 Белгілі бір уақытқа қосымшаны бұғаттау үшін «Демалыс» функциясын пайдалану.
🔹 Цифрлық детокст үшін қайталанатын кестені орнату.
🔹 Балаларының TikTok-та кімдерді бақылайтынын және олардың аккаунттарына кімдердің жазылғанын көру.
🔹 Жасөспірімдердің бұғаттаған аккаунттарын бақылау.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жасөспірімдердің онлайн қауіпсіздігі мен ақпараттық кеңістіктегі мәдениетті сақтау мәселесінің өзектілігін атап өтті. Оның айтуынша, балалардың интернеттегі уақытын бақылау және оларды зиянды контенттен қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

«Цифрлық дәуірде балалардың интернеттегі қауіпсіздігі маңызды. TikTok секілді платформалардың ата-аналар үшін жаңа бақылау мүмкіндіктерін енгізуі – оң өзгеріс. Біз ақпараттық қауіпсіздік саласында белсенді жұмыс істеп, балаларды қауіпті контенттен қорғау шараларын күшейтеміз», – деді Аида Балаева.

Болашақта TikTok қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарға хабарлау мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңашылдық ата-аналарға балаларының онлайн қауіпсіздігін тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#TikTok #жасөспірім #ата-ана #бала #Аида Балаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);