Тазалықты сақтау парыз

Тазалықты сақтау парыз Almaty-akshamy.kz

Алматы халқы өзі туған қаласының ұқыпты әрі таза болғанын қалайды. Осы мақсатпен сенбілік акциясы өтті.
28 Панфиловшылар саябағында алматылықтар сенбілікке шықты.

Аталған игі бастама республикалық «Таза Қазақстан» акциясының негізінде сондай-ақ «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүзеге асырылды.

Мұның мақсаты – қала тазалығын сақтап, экологиялық ахуалды жақсарту.

«Біз өз шаһарымыздың әдемі, тап-таза болғанын қалаймыз. Ешқандай қоқыс көшеде, аулада шашылып жатпаса екен. Егер әр азамат өз маңайына ұқыпты қараса, экологиялық белсенділік арта түседі», – деді ерікті Жарас ЕРКІНБЕК.

Сонымен қатар аталған акцияға әр санаттағы адамдар да келіп қатысып, жаппай тазалыққа өз үлестерін тигізді.

«Бұрын Алматы жап-жасыл болатын. Көшедегі арықтардан су мөлдіреп ағатын. Тіпті апорт өскен кездер де есте. Бүгін қаланың шырайын кіргізу үшін көптеген істер жасалып жатыр. Әр іске береке берсін, қаламыз гүлдене бергей», – деді қала тұрғыны Қаржаубай АҚТАЗОВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21