Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Алматы – Наурызға сый»: «Тазару күні» жалпық...

«Таза Алматы – Наурызға сый»: «Тазару күні» жалпықалалық сенбілік өтеді

Әлеумет 17.03.2025, 15:54 628
«Таза Алматы – Наурызға сый»: «Тазару күні» жалпықалалық сенбілік өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

2025 жылы 17-24 наурыз аралығында Алматыда «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық науқаны және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында үшінші тазалық апталығы өтеді. «Таза аулалар» атауымен өтетін бұл шаралар 4 мың ауланы көркейтуге, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қаланы көгалдандыруға бағытталған.

Апта барысында қаланы таза әрі жайлы етуге арналған бірқатар іс-шара өтеді. ПИК (пәтер иелері кооперативтері) күшімен 9 мыңнан астам тұрғын үйде тазалық жұмыстары жүргізіледі: жертөлелер желдетіліп, қоқыс пен антисанитарлық ошақтар жойылады. Сонымен қатар, осы аптада «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауының қорытындыланды, жеңімпаздар аулаларды көркейтуге қосқан үлесі үшін марапатталады.

Көгалдандыру жұмыстары жалғасады: қураған бұтақтар мен ұсақ қураған ағаштар кесіліп, орындықтар сырланып, жаңа қоқыс жәшіктері орнатылып, 1454 қоқыс контейнер алаңы тазартылады. Сонымен бірге, тұрғындар «Қоршауыңды/орындықты боя» акциясы аясында аулалық нысандарды жаңартуға қажетті бояуларды ала алады. «Жақыныңа жәрдемдес» атты әлеуметтік акция аясында еріктілер жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке үйлерінің аумағын тазалауға жәрдемдеседі.

Тазалық апталығы аясында арықтарды тазалау, қоқыс жинау, шағын сәулеттік пішіндерді, балалар және спорт алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жол белгілерін жуу және жөндеу, аула жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынады. Бұған қоса, аулаларда 100 ағаш пен бұта отырғызылады.

Байқау аясында ең үлгілі көркейтілген медициналық ұйым аумағы анықталады. Ал мектеп оқушылары болашақ көгалдандыру жұмыстары үшін көшеттерді дайындау акциясына қатысады.

19 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл Наурыз» экологиялық фестивалі өтеді. Қала тұрғындары экология туралы дәрістер тыңдап, қайта өңделген пластиктен жасалған өнімдерді көре алады, сондай-ақ, шеберлік дәрістеріне қатысып, пластикалық қақпақтарды велосипед шредерінде ұсақтап көруге мүмкіндік алады. Фестивальдің маңызды бөлігі – инклюзия: ерекше қажеттілігі бар балалар қайта өңделген пластиктен орындықтар мен үстелдер жасауға атсалысады. Кейін бұл бұйымдар MEGA СОО-на орнатылады.

23 наурызда Наурыз мерекесі аясында өтетін «Тазару күні» – «Таза Алматы – Наурызға сый» атты жалпықалалық сенбілікте мыңдаған қала тұрғыны аулаларды, көшелер мен саябақтарды тазартуға шығады.

«Алматы – ортақ үйіміз» науқаны экологиялық сана-сезімді арттыруға және қала тұрғындарының қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Таза Қазақстан #Алматы - біздің ортақ үйіміз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика