AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тасжолдарды күтіп-ұстауға 150 арнайы техника алынд...

Тасжолдарды күтіп-ұстауға 150 арнайы техника алынды

Әлеумет 30.01.2023, 05:23 1,339
Тасжолдарды күтіп-ұстауға 150 арнайы техника алынды
Сурет: Іgrader.ru

Биыл жол жұмысшыларының жалақысы 30% - ға көтерілді.


Мемлекет басшысының біртұтас автожол компаниясын құру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы үш негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бірінші. Күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын арттырып, жол қызметкерлерінің жұмысына қолайлы жағдай жасап, қолдау мақсатында қосымша жаңа 150 бірлік арнайы техника алынды. Олардың қатарында жол машиналары, шнекороторлар, тиегіштер, автогрейдерлер, МТЗ және т.б. бар. Жаңа техника қозғалыс қарқындылығы жоғары жол учаскелеріне, сондай-ақ қар басу қаупі жоғары учаскелерге жіберілді. Сонымен қатар, қолданыстағы техника үшін 60 қосымша жабдық сатып алынды. Күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы жүргізілетіндіктен, жаңа техниканы қалған үш мезгілде де қолдануға болады.


Екінші. Жол қызметкерлерін материалдық тұрғыда ынталандырып, кадрлардың тұрақсыздығын алдын алу үшін 2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30% - ға көтерілді.


Үшінші. Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, қауіпсіздікті арттыру үшін жол-пайдалану қызметтерінің ғимараттарын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.


Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қолға алынған жұмыс биыл жалғасын таппақ.


Ел өңірлеріндегі ҚазАвтоЖолға қарасты жол қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастыруда. Мамандар жүргізушілерді қыс мезгілінде жол бойында ерекше сақ болуға, ауа-райы болжамын жіті қадағалап, ескеруге және арнайы техниканың жұмысына қосымша кедергі тудырмауға шақырады.


Жолда қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына жүгіну қажет.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #техника #авто
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);