AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Тайсойғанның» бір бөлігі таза деп танылды

«Тайсойғанның» бір бөлігі таза деп танылды

Әлеумет 08.11.2021, 14:20 1,123
«Тайсойғанның»  бір бөлігі таза деп танылды
turkystan.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Тайсойған» полигонының бір бөлігін Қазақстан иелегіне қайтару туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2016 жылдың 22 ақпанында сынақ полигондарын пайдалану және жалдау туралы шарт ратификацияланды. Шарт бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігі жалға алған «Тайсойған – №929 мемлекеттік ұшу сынақ орталығы» полигонының солтүстік бөлігі қайтадан Қазақстанның юрисдикциясына өтті. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ресейлік әскерилер 749,6 мың гектар жер жерді жалдау шартымен пайдаланып келген», - деп жазды Роман Скляр өз жауабында.



Оның айтуынша, аталған 624,6 мың гектар жер ( полигонның 83,3% аумағы) о бастағы уағдаластық шарты бойынша қайтарылған.



«Тайсойған әскери полигонының жері Қазақстан аумақтық құрамына қайтарылғаннан кейін Атырау облысында екі жыл бойы топырақ пен суда қауіпті заттардың болуына зерттеулер жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша қайтарылған 624,6 мың гектар жердің экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды екені белгілі болды», - деп атап өтті вице-премьер.



Сондай-ақ, ол депутаттық сауалға берген жауабында 2022 жылы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Тайсойған кен орнында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу қарастырылғанын айтады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тайсойған #полигон #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Бүгін 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Бүгін 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Бүгін 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);