AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бакуде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықара...

Бакуде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Мәдениет Бүгін 22:09 78
Бакуде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Көрме 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қор коллекциялары негізінде әзірленген «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көрме Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын Әзірбайжанда кеңінен насихаттау, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және халықаралық музей ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қорынан алынған қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын, тұрмыс-тіршілігін, шаруашылық қызметі мен қолөнер дәстүрлерін танытатын 69 этнографиялық жәдігер қойылған.

Экспозиция келушілерді қазақ халқының сан ғасырлық көшпелі мәдениетімен және Ұлы даланың бай этномәдени мұрасымен таныстырады. Көрмеден күнделікті тұрмыс пен шаруашылыққа қажетті бұйымдарды, ат әбзелдерін, зергерлік әшекейлерді, киіз басу және тоқымашылық өнерінің үлгілерін, дәстүрлі киімдер мен ұлттық әшекейлерді көруге болады.

Көрме бес тақырыптық бөлімнен тұрады. Онда ұсынылған музейлік жәдігерлер қазақ халқының өмір салтын, материалдық және рухани құндылықтарын, эстетикалық талғамы мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнер дәстүрлерін жан-жақты танытады. Әрбір жәдігер – ғасырлар бойы көшпелі өмір салтының ықпалымен қалыптасқан халықтың тарихи дамуы мен мәдени ерекшеліктерінің айғағы.

Көрменің ашылу салтанатында Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейінің директоры, академик Наиля Велиханлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының жалпы мәселелер жөніндегі міндетін атқарушы орынбасары Асқар Ахманов, Әзербайжан Республикасының мәдениет вице-министрі Саадат Юсифова, Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Еділ Мырзаханов, Әзербайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундова, сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қорының өкілі Лейла Гасанова сөз сөйледі.

Олар  Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тарихи тамырластық пен дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті.

Сонымен қатар халықаралық көрме жобаларының екі халықтың тарихы мен мәдениетін өзара танытудағы, музейаралық байланыстарды кеңейтудегі, бірлескен бастамаларды жүзеге асырудағы және ортақ мәдени мұраны келер ұрпаққа аманаттаудағы маңызына ерекше назар аударылды.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар көрме экспозициясын тамашалап, ұсынылған музейлік жәдігерлердің тарихи және этнографиялық маңызы туралы жан-жақты мәлімет алды.

«Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» халықаралық көрмесі – Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы мәдени диалогты дамыту жолындағы маңызды оқиға. Аталған көрме екі ел музейлері арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және Әзербайжан жұртшылығын қазақ халқының бай тарихи-этнографиялық мұрасымен кеңінен таныстыруға ықпал етеді.

Көрме 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды

Бүгін 21:25

Алматыда әуежайында жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды

Бүгін 18:58

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында бүркіт фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін 18:00

Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Бүгін 17:03

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден озды

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);