Қазір кез келген заттың түрі көп заман. Көздің жауын алатын қызылды-жасыл дүниенің неден жасалып жатқанын біле бермейміз, бұрынғыдай бекітілген стандарттан да көз жазып қалдық. Шетелдермен ықпалдастықтың арқасында әлемнің түрлі елінде өндірілетін бұйымды алып қолдануға мүмкіндік бар, бірақ оның бәрі бірдей падалы зат па? Күнделікті қолданатын тамақ ішуге арналған ыдысты қандай материалдан таңдаған дұрыс?
Ыдыс-аяқ жинағы
Ыстық тағамға арналған фарфор тәрелкелер, шыны салат салғыштар, ағаш тостағандар… Көпшілігіміздің үйімізде түрлі материалдан жасалған ыдыс-аяқ бар, алайда барлық материал бірдей қауіпсіз емес.
Әдетте ыдыс-аяқ мынадай материалдардан жасалады:
• керамика (саз, фарфор, фаянс);
• шыны;
• металл (тот баспайтын болат, титан, күміс);
• ағаш (бамбук, қайың, шамшат);
• пластик;
• қағаз.
Ыдыс-аяқ денсаулыққа қалай зиян тигізуі мүмкін?
1. Материал құрамындағы зиянды заттар.
Мысалы, меламин ыдыстарындағы формальдегид – күшті аллерген әрі канцероген.
2. Улы бояулар.
Бұл әсіресе керамикалық ыдыстарда жиі кездеседі. Ашық түсті өрнегі бар тәрелкелерді сатып алуға болады, бірақ сурет міндетті түрде жылтыр қабаттың астына салынған болуы керек. Мұндай ыдысты бетінде мөлдір қабаты барынан оңай тануға болады.
3. Белгілі жағдайларда зиянды болатын заттар.
Мысалы, құрамында никель қоспасы бар ыдыстар пеш пен духовкаға жарамайды – аллергия тудыруы және канцерогендік әсері бар. Ал буға төзімді болғандықтан, бу пісіргішке арналған ыдыстар үшін никель қауіпті емес. Кейбір пластик түрлері микротолқынды пеште қыздырғанда улы болып кетеді, ал бөлме температурасында қауіпсіз.
Ыдыс таңдау мен қолданудың негізгі ережелері
• Материал құрамын мұқият зерттеңіз. Сатушыдан барлық қоспалар көрсетілген құжатты талап етіңіз.
• Ыдысты нұсқаулыққа сай қолданыңыз. Егер ол ашық отқа немесе микротолқынды пешке арналмаған болса – қолданбаңыз.
• Өткір, жағымсыз иісі бар ыдысты алмаңыз.
• Күдікті түрде тым арзан өнімдерден сақ болыңыз.
Бұл қарапайым кеңестер өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға көмектеседі.
Тәрелкелер үшін ең қауіпсіз материалдар
Тәрелке, тостаған, салат салғыштарға арналған қауіпсіз материалдар:
• Фарфор – каолиннен (ақ саздан) жасалған жоғары сапалы керамика. Ол ешқандай зиянды зат бөлмейді, тіпті жарықтары мен сынықтары болса да қауіпсіз.
• Фаянс – фарфордың арзанырақ түрі. Кеуекті әрі жеңіл, бірақ құрамында қауіпті қоспалар жоқ. Күнделікті қолдануға жарамды.
• Саз – ақ қана емес, қоңыр саздан жасалған ыдыстар да қауіпсіз. Қышқыл, ащы, ыстық және суық тағаммен реакцияға түспейді.
• Шыны – экологиялық таза әрі денсаулыққа зиянсыз материал. Қазіргі шыны ыдыстардың дизайны әртүрлі, соққыға және ыстыққа төзімді түрлері бар.
• Ағаш – әсіресе бамбуктан жасалған ыдыстар танымал. Ылғалға төзімсіз, бірақ жаңғақ, қатты көкөніс пен жеміс, нан-тоқаш, кейбір салаттар үшін қолайлы.
Қай материал жақсы екенін нақты айту қиын, жоғарыда аталғандардың барлығы табиғи әрі қауіпсіз.
Ескерту: ашық бояулы, сапасы күмәнді глазурьмен қапталған ыдыстардан сақ болыңыз. Танымал өндірушілерді таңдаңыз, сертификат талап етіңіз және шамадан тыс арзан бағаға қызықпаңыз.
Тамақ дайындауға арналған ең қауіпсіз ыдыстар
Кәстрөл, таба, мультиваркаға арналған қауіпсіз материалдар:
• Тот баспайтын болат.
Дүкендердегі ыдыстың шамамен 90%-ы осы материалдан жасалған. Ашық отқа да, духовкаға да төзімді. Алайда кей өндірушілер никель сияқты зиянды қоспалар қосуы мүмкін. Таза болат – ең қауіпсіз материалдардың бірі.
• Титан.
Жеңіл, жабыспайтын қасиеті жоғары. Мультиварка мен духовкаға жарамды. Ашық отта қолданғанда канцерогенді диоксид титан бөлуі мүмкін.
• Эмальданған ыдыс.
Бағасы қолжетімді әрі экологиялық таза, бірақ эмаль қабаты зақымданбаған жағдайда ғана қолдану керек, сыры кеткен ыдысты қолдануға болмайды.
• Шойын ыдыстар.
Гипоаллергенді, уытсыз және өте ұзақ қызмет етеді.
• Ыстыққа төзімді шыны.
Тамақ пісіруге де, сақтауға да қауіпсіз.
• Силикон.
–40 °C-тан +250 °C-қа дейін қауіпсіз. Пісіру, мұздату, микротолқынды пешке қолдануға болады.
• Саз.
Тәрелке үшін де, тағам дайындау үшін де жарамды қауіпсіз материал.
Күшті иісі бар, табиғи емес ашық түсті ыдыстарды алмаңыз (әсіресе силикон, эмаль және шыны). Онлайн сатып алғанда қауіпсіздік сертификатын талап етіңіз.
Іс-шаралар мен серуенге арналған ыдысты қалай таңдау керек?
Пикникке немесе кеңсеге арналған ыдыс қандай болуы керек? Мұндай жағдайда бір реттік ыдыстар жиі қолданылады. Олар жеңіл, жуып әуре болудың қажеті жоқ, бағасы арзан. Бірақ мұның барлығы қауіпсіз бе?
Ең қауіпсіз нұсқа – қалың қағаздан жасалған ыдыс.
• Қаптамасыз түрі – экологиялық таза әрі қайта өңдеуге жарамды.
• Ламинатталған түрі – берік, су өткізбейді, ыстықтан аз қызады, бірақ қайта өңдеу қиынырақ.
Пластик ыдыс қауіпсіз болуы үшін «шанышқы мен бокал» суреті салынған белгісі болуы керек. Бұл – тағамға арналған пластик деген сөз.
Маркировкасына да мән беріңіз:
• PS (полистирол) – тек суық тағамға. Ыстықта у бөлуі мүмкін.
• PP (полипропилен) – кез келген температурада қауіпсіз.
Осы кеңестерді ұстана отырып, үйде, кеңседе немесе табиғатта қолдануға арналған ең қауіпсіз ыдысты оңай таңдай аласыз.