Заманауи технологиялар мен инновациялар енгізіліп жатыр.
Ауыл шаруашылығында суармалы егіншілікті дамытудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы жерлерін суару кезінде су шығынын азайту жөнінде шаралар кешені жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Мамандардың айтуынша, заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін экономикалық ынталандырулар енгізіліп, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жүргізіліп отыр.
2021 жылы пайдаланылатын суармалы жерлердің ауданы 1 527 мың гектарды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 16,8 мың гектарға артық.
Соңғы 6 жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру оң динамиканы көрсетіп отыр. Мәселен, егер 2020 жылы суармалы жерлерде өнім 1,2 млн гектарға жиналса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,4 млн гектарды құрады.
«2021 жылы суармалы жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша жалпы жиын-терім келесідей: дәнді дақылдар (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдары – 1739,3 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 23,8% артық (1404,9 мың тонна), қант қызылшасы – 331,4 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 44,8% артық (228,8 мың тонна), шитті мақта – 290,4 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 2020 жылғы деңгейден 10,8% аз (325,6 мың тонна), көкөністер-2701,4 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 23,8% артық (2181,7 мың тонна), бақша дақылдары - 2332,3 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 23,1% артық (1894,2 мың тонна), майлы дақылдар-244,9 мың тонна. бұл 2020 жылғы деңгейден 65,9% артық (147,6 мың тонна)»,- делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарамасында.
Республика бойынша су үнемдеу технологиялары енгізілген суармалы жерлердің ауданы 2021 жылы 258 мың гектарды құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 37 мың гектарға көп.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға сәйкес, 2022 жылы су үнемдеу технологиялары енгізілетін суармалы жерлердің алаңын 265 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Су беру қызметтерінің құнын субсидиялау аясында 2021 жылы 1 938 млн теңге игерілді, бұл 1 010 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні субсидиялауға мүмкіндік берді.
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін қадағалау және бағалаумен 1566,4 мың га қамтылған, жақсы жай-күйі бар санаттарға 761,4 мың га (49%) жатқызылған, жай-күйі қанағаттанарлық 477,0 мың га (31%) алаңда ұсынылған, жағдайы қанағаттанарлықсыз алаңдарға 310,3 мың га немесе жалпы бақыланатын алаңның 20% бөлінді.
Мелиорациялық жағдайы қанағаттанарлықсыз суармалы жерлердің негізгі үлесі (200,2 мың га) Түркістан облысында орналасқан, онда мелиорациялық жай-күйі жергілікті жердің геологиялық құрылысына, сондай-ақ гидрологиялық және ирригациялық факторларға байланысты болып отыр.
Соңғы бес жылда жүргізілген талдау қанағаттанарлықсыз мелиорациялық жай-күйі бар алаңдар 316,7 мың гектардан 310,3 мың гектарға дейін азайғанын көрсетті.
Бұл ірі инвестициялық жобалар мен су шаруашылығы ұйымдарының пайдалану шығыстары шеңберінде суару және коллекторлық-сорғыту желілерін қалпына келтірумен және реконструкциялаумен, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан агротехникалық іс-шаралар кешенін сақтауды жақсартумен байланысты.
Жалпы, 2022 жылы суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалаумен 1574,1 мың га суармалы жерді қамту жоспарланып отыр.