AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Соңғы екі айда мыңнан астам алматылық қоныс тойын...

Соңғы екі айда мыңнан астам алматылық қоныс тойын тойлады

Әлеумет 02.07.2024, 09:12 700 Almaty-akshamу
Соңғы екі айда мыңнан астам алматылық қоныс тойын тойлады
Алматы әкімдігі

Кезекте тұрған тағы 271 адам жаңа ТҮК-нен пәтер кілтін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның ішінде жетім бала – 27, I және II топтағы мүгедек – 28, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагер – 23, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 58, толық емес отбасы – 129, зейнеткер – 5 және кейбір созылмалы аурудың ауыр түрінен зардап шегетін бір адам.

Баспаналы болған жанның бірі 69 жастағы Марат Шаханов. 

«10 жылдан астам уақыт бойы мен кезекте тұрдым, шынымды айтсам, қоңырауды күтпедім. Бірақ кеше маған қоңырау шалып, жаңа пәтер берілетінін хабарлады. Мен алтыншы қабаттағы үйімді көріп шықтым, құрылыс сапасына риза болдым. Биыл мұқтаж жандарға көптеп пәтер беріліп жатыр. Мұның бәрі Алматы әкімі Ерболат Досаевтың арқасы деп білемін. Қала билігіне жаңа пәтерде тұруға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын», - деді Марат Шаханов. 

Естеріңізге сала кетейік, ХӘОТ санатындағы кезекте тұрғандарға кілт тапсыру рәсімі биыл 25 мамырда басталған болатын. Содан кейін кезекте тұрған 124 адам үш үйден пәтер алды. Кезекте тұрған 164 адам екі лекке ілігіп, 28 мамырда баспаналы болды. 30 мамырда тағы 105 кезекте тұрғандарға үй берілді. 5 маусымда 111 отбасы жаңа үйге қоныстанды. Биыл 7 маусымда 86 адам қоныс тойын тойлады.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал тобының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланған, оның 400-і жетім балаларға беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #баспана #кезек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);