Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министрі...

Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министріне бірқатар міндеттер қойды

Әлеумет 04.04.2023, 20:00 989
Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министріне бірқатар міндеттер қойды
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажет


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті ведомство ұжымына таныстырып, алдағы кезеңге арналған энергетика саласындағы басым міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Үкімет басшысы Энергетика министрлігінің ірі мұнай-газ жобалары мен экспорттық көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын күшейту, газды қайта өңдеуді ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау, жылу және электр энергиясын өндіру секторын нығайту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жалғастыруы қажеттігін атап өтті.



«Соңғы кезде көп жылдар бойы қордаланып келген кейбір мәселелердің беті ашылуда. Дизель отынының жетіспеушілігі, электрмен және газбен жабдықтаудағы ақаулар, жылумен жабдықтау объектілеріндегі апаттар – осының бәрі энергетика саласында елеулі проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр. Олардың барлығы жедел түрде шешілуі керек», – деді Әлихан Смайылов.



Осы орайда Үкімет басшысы министрліктің басты міндеттерінің бірі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру екенін, осыған байланысты олардың өндірісі мен айналымын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.



«Министрліктің алдында көптеген күрделі мәселе тұр, олардың тиімді шешілуі отын-энергетика саласына ғана емес, бүкіл экономикамыздың болашағына тікелей әсер етеді. Алмасадам Майданұлы өзінің білімі мен тәжірибесін энергетика саласын дамытуға жұмсайтынына сенімдімін. Жалпы, бәріміз Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын бірлесіп және сапалы орындауымыз керек. Жаңа министрге және бүкіл ұжымға табысты жұмыс тілеймін», — деді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17

Онкологиялық қызметті жаңғырту: қалада Құзырет орталығы іске қосылды

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі