AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / City Run: 15 қарашада Алматының бірқатар көшесінде...

City Run: 15 қарашада Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Спорт Бүгін 11:59 36
City Run: 15 қарашада Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматы әкімдігі

Биылғы жарысқа әлемнің 20 елінен 2 500 адам қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

15 қараша, жексенбі күні, Алматыда биылғы жүгіру маусымын қорытындылайтын City Run жарысы өтеді. Оны «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Биыл жарысқа 20-дан астам елден 2 500 адам қатысады. Осыған байланысты жарыс өтетін күні қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жүгіру жарысына байланысты сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін маршрут бойындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Спортшылар өткен жол бөліктері біртіндеп көлік қозғалысына қайта ашылады.

Жарыс «Астана» алаңынан басталып, осы жерде аяқталады. Осыған байланысты 15 қараша күні сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы толық тоқтатылады.

Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады;

Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінің Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады;

 Сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады;

Сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін Қабанбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады;

 Сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін Шевченко көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады;

Сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін Құрманғазы көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады.

Жол жабу уақыты жарысқа қатысушылардың жүгіру қарқынына қарай есептелген. 

«City Run» 2026 жарысына байланысты жолдың жабылу кестесі

15.11.2026

04:00-ден 12:00-ге дейін

Төле би к-сі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін)

08:00-ден 10:00-ге дейін

Төле би к-сі (Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін)

Балама бағыт – Мақатаев көшесі.

08:00-ден 10:00-ге дейін

Наурызбай батыр к-сі (Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін)

08:00-ден 09:35-ке дейін

Бөгенбай батыр к-сі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

08:00-ден 09:15-ке дейін

Қабанбай батыр көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

08:00-ден 08:55-ке дейін

Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

08:00-ден 08:35-ке дейін

Құрманғазы көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

Жарыс өтетін орынға көлікпен баруды жоспарлағандар жол қозғалысына қойылған шектеуді ескере отырып, ең ыңғайлы бағытты 2GIS қосымшасы арқылы анықтай алады.

Жүгіру жарысында екі қашықтық қарастырылған: 10 шақырымдық жүгіру сағат 08:00-де, ал 5 шақырымдық скандинавиялық жүріс сағат 08:10-да басталады. Биылғы жарысқа әлемнің 20 елінен 2 500 адам қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемнің көптеген елінде жүгіру жарыстары мегаполистердің орталығында өтіп, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, ортақ іс-шараға біріктіреді. Жанкүйерлер көшеге шығып, жалаушалар мен қолдау сөздері жазылған плакаттар ұстайды. Мұндай жарыстар біртіндеп қала мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып келеді.

Қор ұйымдастыратын спорттық іс-шаралар, соның ішінде Almaty Marathon марафоны да қала экономикасының дамуына үлес қосады. Мұндай жарыстар салық түсімінің артуына, спорттық туризм мен жергілікті кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2026 жылы қор ұйымдастырған Алматыдағы жүгіру жарыстарының экономикаға тигізген есептік әсері 20,63 млрд теңге болған. Ал бюджетке түсетін салық көлемі 3,67 млрд теңге деп бағаланған. Басқа қалалар мен шетелден келген жүгірушілер барлық қатысушының бестен бірін ғана болғанымен, олардың шығыны жалпы жұмсалған қаражаттың төрттен үшіне жуық болған. Шетелдік қатысушылардың 87%-ы Алматыға қайта келуге ниетті.

Almaty Marathon жарысын ұйымдастыруға «Krida» фитнес-клубы мен академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры да атсалысып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін 12:18

Жезқазғанда ауызсуды тазарту нысандары жаңғыртылып жатыр

Бүгін 12:04

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:30

Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді

Бүгін 11:07

Алматыдан шыққан Халық Кеңесінің мүшелері Президент Жолдауының басым бағыттарын қолдады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);