Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Славян базары» фестиваліне Қазақстаннан кім қатыс...

«Славян базары» фестиваліне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

Оқиға 12.07.2022, 03:18 1,003
«Славян базары» фестиваліне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды
Сурет: Министрлік

Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді


Витебскідегі Славян базары» XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» эстрада әншілерінің халықаралық байқауында Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Витебскідегі Славян базары» XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» эстрада әншілерінің халықаралық байқауында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді. Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді, оған 24 елдің өкілі қатысады.



«Дәстүрлі түрде әншілеріміз жоғары орындарға ие болып, осы беделді фестивальде елімізді абыроймен таныстырып келеді. Әрине осынау толайым табыс артистер мен олардың оқытушылары атқарған ауқымды жұмыстың дәлелі. Отандық вокал мектебі биылғы жылы да жоғары деңгейді көрсететініне сенімдімін», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ерік Төленовпен кездесу барысында.



Қазақстандық әншілер жыл сайын, нақтырақ айтқанда 20 жыл бойы фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, Димаш Құдайберген-2015 жылы, Әділхан Макин – 2019 жылы, Рухия Байдүкенова – 2021 жылы бас жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) жүлдегер атанды.


Биыл балалар байқауының қазылар алқасы құрамына халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов кіріп отыр. Бұған дейін фестивальдің қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Ерлан Көкеев, Толқын Забирова, Батырхан Шөкенов, Қарлығаш Әбдікәрімова, Қарлығаш Әжиева болса, Димаш Құдайберген «Витебск-2021» эстрада әншілерінің халықаралық байқауының қазылар алқасының ең жас мүшесі болды.


Фестиваль жалауын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің әншісі, «Славян базары-2021» байқауының Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлығының және «Шапағат» медалінің иегері Рухия Байдүкенова көтереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Славян базары» #фестиваль #Жас өнерпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық гимнаст Милад Карими Хорватияда өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:33

Тоқаев Ирак Республикасының президентін құттықтады

Бүгін 11:14

Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Бүгін 10:54

Ұмытшақтықтың астарында қандай мәселе жатуы мүмкін?

Бүгін 10:38

Әлемдік шахматтың жас жұлдыздары Алматыдағы Оқушылар сарайында қонақта болды

Бүгін 10:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика