AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл м...

Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл мен раушан бұтасы егілді

Алматы Бүгін 14:45 48
Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл мен раушан бұтасы егілді

2026 жылы жазғы маусымда Алматыдағы гүлмен безендірілген аумақтың көлемі 410 мың шаршы метрден асты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 77%-ға көп. Біржылдық гүлдердің саны 2,7 миллионнан 4,3 миллионға, ал раушан бұталарының саны 125 мыңнан 580 мыңға дейін артты. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты.

Ең ірі гүлзарлар Есентай өзенінің жағалауында (20 мың шаршы метр), Сайран су қоймасының бойында (15 мың шаршы метр) және Halyk Arena маңында (7 мың шаршы метрден астам) жасалды.

Биылғы жаңашылдықтардың бірі алма, аю, қар барысы мен тауыс пішініндегі тірі өсімдіктерден жасалған көлемді композициялар. Олар қаланың көркін арттырып, тұрғындардың ықыласына бөленді. Соның бірі Есентай өзенінің жағалауында орнатылған биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 30 метр болатын тауыс бейнесіндегі гүл композициясы.

Өсімдіктерді іріктеу кезінде Алматының климаттық ерекшеліктері, олардың төзімділігі мен гүлдеу мерзімі ескерілді. Көгалдандыру жұмыстарының қызған шағында өсімдіктерді күтіп-баптауға күн сайын 400-ден астам маман мен 140-тан астам техника жұмылдырылды.

Күз түскен соң маусымдық гүлдерді жинау және қала аумақтарын келесі көгалдандыру маусымына дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гүлдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 14:14

Алматыда француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған халықаралық бағдарлама басталды

Бүгін 14:05

«Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек

Бүгін 13:02

Бізге шынайы реформа қажет

Бүгін 13:00

Мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет

Бүгін 12:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);