AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Құзыреттілік орталығы ашылды

Құзыреттілік орталығы ашылды

Алматы Бүгін 15:30 57
Құзыреттілік орталығы ашылды

Қаламыздағы №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Білім негізі» бастауыш білім беру құзыреттілік орталығы мен «Тең мүмкіндік» инклюзивті білім беру орталығы ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Сингапур, Малайзия, Швеция, Финляндия және АҚШ елдерінде халықаралық тағылымдамадан өткен колледж оқытушылары өздерінің шетелден үйреніп келген тәжірибелерін ортаға салды. Олар заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру үдерісін жетілдіру жолдары жөнінде ой бөлісті. Әсіресе, тәжірибеге бағдарланған оқыту, білім алушының жеке ерекшелігін ескеру, педагогтің кәсіби дербестігін дамыту және инклюзивті ортаны жетілдіру мәселелері қазіргі педагогикалық білім беру үшін өзекті екенін баса айтты.

«Білім негізі» деп аталатын бастауыш білім беру құзыреттілік орталығы болашақ бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби даярлығын жетілдіруге, заманауи оқыту әдістерін меңгеруге және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға бағытталған. Мұндай орта болашақ маманның кәсіби дағдыларын дамытуға, педагогикалық ізденісін қалыптастыруға және еңбек нарығының талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді. Ал, аты айтып тұрғандай «Тең мүмкіндік» инклюзивті білім беру орталығы әрбір баланың жеке ерекшелігі мен қажеттілігін ескеретін, қолдауға және түсіністікке негізделген білім беру мәдениетін дамытады. Өйткені, инклюзия тек білім беру ұйымының міндеті емес, ол қоғамның адамға деген құрметін, жауапкершілігін және ізгілік ұстанымын айқындайтын құндылық.

Осы тұрғыдан алғанда, екі орталықтың ашылуы болашақ мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және білім алушыларға тең мүмкіндік ұсынуға бағытталған жүйелі қадам.

-Біздің мақсатымыз – әлемдік тәжірибені ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті педагог даярлау және әрбір білім алушының әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру,-деді колледж директоры Мағишат Тасқалиқызы.

Айтса айтқандай, қазіргі педагогикалық білім берудің негізгі міндеті халықаралық тәжірибенің тиімді тұстарын зерделей отырып, оларды ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне сай қолдану. Сондықтан, бүгінгі педагог тек білім беруші маман ғана емес, ол ең алдымен- баланың бойындағы қабілетті ашатын, тұлғалық дамуына ықпал ететін, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін кәсіби тұлға. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігімен қатар, адамгершілік ұстанымы, шығармашылық ізденісі және әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарай білуі маңызды. «Білім негізі» және «Тең мүмкіндік» орталықтарының жұмысынан біз осындай міндеттердің өзара сабақтастығын көреміз. Бірі – бастауыш білім берудің сапасын арттыруға және педагогтің кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталса, екіншісі, білім беру үдерісінде әрбір баланың мүмкіндігін ескеруге, қолдау мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. Біз үшін білім алушының жетістігі тек оқу нәтижесімен өлшенбейді.

Халықаралық тәжірибемен танысу педагогтерге білім беру үдерісіне жаңаша көзқараспен қарауға, тиімді әдістерді саралауға және оларды отандық білім беру кеңістігінде қолдану мүмкіндіктерін анықтауға жол ашады. Әсіресе, тәжірибеге бағдарланған оқыту, білім алушының жеке ерекшелігін ескеру, педагогтің кәсіби дербестігін дамыту және инклюзивті ортаны жетілдіру мәселелері қазіргі педагогикалық білім беру үшін өзекті.

Қаламыздағы педогог мамандар дайындап отырған №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжіндегі бұл бастамалар педагогикалық білім берудің мазмұнын жаңғыртуға, кәсіби ынтымақтастықты кеңейтуге және болашақ мұғалімдерді заман талабына сай даярлауға бағытталып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Симуляциялық орталық ашылды

Бүгін 16:05

Алматының Медеу ауданында бұрын жарықтандырылмаған 43 аумаққа көше шамдары орнатылып жатыр

Бүгін 15:27

Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл мен раушан бұтасы егілді

Бүгін 14:45

Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 14:14

Алматыда француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған халықаралық бағдарлама басталды

Бүгін 14:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);