AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Сана жаңғыруға тиіс

Сана жаңғыруға тиіс

Жолдау Бүгін 16:52 49
Сана жаңғыруға тиіс
Ак орда

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің орнықты дамуы үшін қажетті өзгерістерге терең тоқталып, талдап көрсетті. Соның қатарында білім мен ғылымды дамытуға басымдық берудің маңызын атап өтті.

Елдің орнықты дамуы үшін заңға құрмет, адал еңбек пен отаншылдық қоғамның негізгі құндылықтарына айналуы керек. Президент ел болашағы білімді азаматтарға, білікті мамандарға және жаңа технологияларды меңгеруге байланысты дей келе, бұл стратегиялық басымдық екендігін ұдайы дәлелдеп келеді. Зиялы қауым, ғылыми интеллигенция және барша білімгерлер бұл ұстанымды барынша қолдайды және әрқайсысы өз үлесін қосады деп сенемін.

«Жалпы, кез келген реформаны іске асыру үшін заңдарды жетілдіру, саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс. Еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. «Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек. «Әрекет түбі – берекет» деген халқымыз. Сондықтан мейлінше ширақ болып, отаншыл азамат екенімізді жасампаз істермен көрсету аса маңызды. Ал отаншыл болу – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз», – деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ, Президент Қазақстан әрбір азаматтың дамуына жол ашатын, жалпыға бірдей мүмкіндік беретін, бірлігі бекем, әділетті әрі өркениетті мемлекет болуын тілейтінін жеткізді. Осы тұрғыдан мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек дегенді баса көрсетті. Жоғары білім саласының қызметкері ретінде Президенттің бастамаларын қолдай отырып, зиялы қауым қоғамдық сананы қалыптастыруда, ұлтты ұйыстыруда алдыңғы шептен көрінеді дегенге сенім білдіремін.

Мемлекет басшысы ішкі, сыртқы саясаттың, экономиканың, қаржы және әлеумет жағдаятына кешенді тоқталды, барлық толғақты мәселе назарында екендігін дәлелдеді. Соның қатарында жаңа Қазақстан азаматтарының белсенділігі артып, санасының жаңғырғанын қалайтыны маған ерекше әсер етті. Бұл ұстаным сөзсіз жемісін береді!

Аязби Ақбергенұлы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Бүгін 17:30

«Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық фестивалі мәресіне жетті

Бүгін 17:05

Алматыда Симуляциялық орталық ашылды

Бүгін 16:05

Құзыреттілік орталығы ашылды

Бүгін 15:30

Алматының Медеу ауданында бұрын жарықтандырылмаған 43 аумаққа көше шамдары орнатылып жатыр

Бүгін 15:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);