AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Цифрлық төлқұжат пен Volu-Coins: Алматыда еріктілі...

Цифрлық төлқұжат пен Volu-Coins: Алматыда еріктіліктің геймификацияланған моделі енгізіледі

Әлеумет 29.01.2026, 14:17 263 yakiya
Цифрлық төлқұжат пен Volu-Coins: Алматыда еріктіліктің геймификацияланған моделі енгізіледі
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда 2026 жылы геймификация элементтері бар ерікті ретінде қатысудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қалалық жастар саясаты басқармасы басшысы Азиз Кажданбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұрақты еріктілер инфрақұрылымын дамытуға және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылады. Бүгінде Алматыдағы еріктілердің фронт кеңсесі 58 мыңнан астам еріктіні біріктіреді. Тек 2025 жылдың өзінде олар қаладағы 2 мыңнан аса іс-шараға қолдау көрсеткен. Бұл еріктілер қозғалысының жүйелілігі мен ауқымын айқын аңғартады.

«Біздің басты міндетіміз – еріктілік жастар үшін бір реттік акция емес, жеке дамудың және қала өміріне араласудың түсінікті әрі ашық жолына айналуына жағдай жасау», – деді Азиз Кажданбек.

Цифрлық модель аясында әрбір қатысушыға оның мәртебесі, жеке статистикасы, миссиялары мен жетістіктері көрініс табатын цифрлық еріктілік төлқұжаты жасалады. Сондай-ақ, Volu-Coins атты ішкі ынталандыру валютасын енгізу көзделген. Оны жабық іс-шараларға қатысуға, брендтік өнімдер алуға және қоғам көшбасшыларымен кездесулерге пайдалануға болады.

Үздік еріктілер қалалық рейтингке енгізіліп, стратегиялық жобаларға тартылады. Арнайы визуалды цифрлық карта еріктілік жолды және қалалық бастамаларға қатысу деңгейін көрнекі түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, 2026 жылы Алматыда «Almaty Volunteers 2026» лендингін іске қосу, жастар алаңдарында экосұрыптау пункттерін ашу, Еріктілер академиясының жұмысы, жазғы көшбасшылық лагерін өткізу, сондай-ақ Volunteer Skills Map цифрлық картасын енгізу жоспарланған. Сонымен қатар еріктілік орталықтардың жұмысын біріздендіретін ортақ стандарттар, верификация тетіктері және еріктілер мәртебесін дамытуға арналған ұсыныстар әзірленіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty Volunteers 2026
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика