AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ШҚО-да нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шы...

ШҚО-да нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр

Әлеумет 20.03.2022, 08:17 1,460
ШҚО-да нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр
Cурет: altaynews

Дәрігерлер ұлттық киіммен келіп, тосын сый жасады


ШҚО-да Наурыз қарсаңында жаңа туған сәбилер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Altaynews сайтына сілтеме жасап.


Мұндай шараны Аягөз ауданаралық ауруханасы мерекелік көңіл-күй үшін ұйымдастырған.


Перзентханадан шығатын алғашқы 10 нәрестеге ұлттық киім кигізіп, ерекше дәстүрмен үйлеріне шығарып салынды. Бұған аналар да қуанышты.



«Бұл дүние есігін ашу үшін тамаша уақыт. Наурыз – табиғат жаңарғанда тойланатын ұлы мейрам. Дәрігерлер ұлттық киіммен келіп, бізге тосын сый жасады», - дейді төртінші рет ана атанып отырған Ақмарал Закирьянова.



Аягөз ауданаралық аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаровтың айтуынша, Наурыз мерекесі қарсаңында балаларды ұлттық нақыштағы киіммен шығару дәстүрге айналған.



«Жуықта туылған нәрестелермен бірге айдың басында дүниеге келген егіз сәбиді шығардық. Олардың салмағы – 1200 және 1300 грамм ғана. Бірақ денсаулықтары жақсы. Күтімнің арқасында нәрестелер салмақ жинап отыр, оларға неонатологиялық көмек толық көрсетілді. Бұл үшін біздің аудандық аурухананың барлық әлеуеті бар», - дейді бас дәрігер.



Дәл осындай дәстүр аймақтың тағы бір аудандық ауруханасында енгізіліп отыр. Тарбағатау аудандық №2 ауруханасы да Наурыз мейрамы кезінде мерекелік көңіл-күй сыйлауға бел буған екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #перзентхана #Сәби #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

Бүгін 15:09

Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

Бүгін 15:06

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасып келеді

Бүгін 15:03

Алматыда сүт безі ісіктерінің заманауи диагностикасы бойынша курс өтті

Бүгін 14:46

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);