AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасып келеді

Алматы Бүгін 15:03 42
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасып келеді
Алматы әкімдігі

Жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ отандық өндірушілермен және қаланың ірі сауда желілерімен келісімшарт жасасты. Бұл шаралар азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған.

«Сары-Бұлақ компаниясы» ЖШС құс фабрикасымен 2027 жылдың қазан айына дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқаны өндіру және өткізу бойынша қарыз шарты жасалған. Бір жұмыртқаның дүкен сөресіндегі бағасы 59 теңгеден жоғары болмауға тиіс. Өнімдер «Magnum», «Small», «Астор» сауда желілерінде, сондай-ақ «Алатау-Құс» фирмалық дүкендерінде сатылады.

Құс етінің бағасын тұрақтандыру мақсатында корпорация отандық өндірушілермен де келісімшарт жасасты. «Алатау-Құс» АҚ фирмалық дүкендерінде тауық сирағының бір келісі 1 650 теңгеден сатылуда. Ал «Nauryz Agro KZ» компаниясымен тауықтың сан еті мен жамбас етінің көтерме бағасы келісіне 1 300 теңгеден жеткізіледі. «Magnum» сауда желісінде бұл өнімдердің бағасы сауда үстемесін 15%-дан асырмай, келісіне 1 495 теңгеден сатып жатыр. Бағаны тұрақтандыру шаралары «Алатау-Құс» өнімдері үшін 2027 жылы қарашаға дейін, ал «Nauryz Agro KZ» өнімдері үшін 2027 жылы шілденің ортасына дейін жалғасады.

Сонымен қатар «Алматынан» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-мен бірінші сұрыпты ұннан дайындалған 3 846 154 дана бөлке нанды жеткізу және өткізу туралы келісім жасалды. Өнімдер «Magnum», «Small», «Jardi» сауда желілерінде және үй маңындағы дүкендерде сатылады.

Бұдан бөлек, «Алматы» ӘКК» АҚ «Magnum» сауда желісімен бірлесіп, жалпы көлемі 9 920 тонна көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру тетігін жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бар. Көкөністер белгіленген бағамен сатылады. Бұл шаралар 2027 жылғы сәуірдің соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ «Алматы» ӘКК» АҚ мен «Magnum» арасында әлеуметтік маңызы бар 11 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру жөнінде жалпы көлемі 517 тонна өнімге қарыз шарты жасалған. Олардың қатарында қарақұмық жармасы, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, айран, сары май, сүт, тауық еті, сиыр еті, ұн және тұз бар. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2027 жылы маусымға дейін жалғасады.

Сонымен бірге ӘКК отандық өндірушілерден 4 500 тонна қант сатып алған. Өнімдер «Magnum», «Small», «Toimart», «Столичный», «Юбилейный» және басқа да сауда желілерінде келісі 405 теңгеден сатылады. Сауда үстемесінің мөлшері 10%-дан жоғары болмауға тиіс. Қант бағасын тұрақтандыру шаралары 2027 жылғы қарашаға дейін жалғасады.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ әр демалыс сайын қаланың алты ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізеді:

  • Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы;

  • Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;

  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

  • Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы;

  • Түрксіб ауданы – Рысқұлов пен Айтықов көшелерінің қиылысы.

Жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылады.

Бағаны тұрақтандыру шаралары, өнімдердің бекітілген бағасы мен оларды сататын орындардың мекенжайлары туралы толық ақпаратты almatyazyk.kz ресми сайтынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

Бүгін 15:09

Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

Бүгін 15:06

Алматыда сүт безі ісіктерінің заманауи диагностикасы бойынша курс өтті

Бүгін 14:46

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:30

Үлкен Алматы көлінің қысқы көрінісі скрипкашыға шабыт сыйлады

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);