Курс кәсіби тәжірибе алмасу, күрделі диагностикалық жағдайларды талқылау және онкоморфологияға заманауи тәсілдерді енгізу алаңына айналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2-14 қараша аралығында Алматы онкологиялық орталығында (АОО) «Сүт безі ісіктерінің морфологиялық және иммуногистохимиялық диагностикасы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Оқыту Қазақ медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебімен (КМУ ҚДСЖМ) ынтымақтастық шеңберінде аралас форматта өтті.
Қатысушылар Алматы мен Қазақстан өңірлерінен келген дәрігер-патологоанатомдар, сондай-ақ С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ резиденттері болды.
Бағдарлама сүт безі ісіктерін заманауи диагностикалау дағдыларын жетілдіруге, иммуногистохимиялық маркерлерді қолдануға және емдеу тактикасын таңдауға әсер ететін факторларды бағалауға бағытталған.
Курс кәсіби тәжірибе алмасу, күрделі диагностикалық жағдайларды талқылау және онкоморфологияға заманауи тәсілдерді енгізу алаңына айналды.
Осындай білім беру іс-шараларын өткізу медициналық мамандардың біліктілігін арттыруға және Қазақстанда онкологиялық диагностиканың сапасын жақсартуға ықпал етеді.