AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап ә...

Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

Әлеумет Бүгін 15:06 39
Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады
Жасанды интеллект

Пилоттық жоба аясындағы жаңа тәсілдер 36 әлеуметтік төлемнің 12 түріне қолданылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, оның атаулылығын арттыру және мемлекеттік ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жобаны іске қосады.

Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдауды отбасылардың нақты материалдық жағдайын ескере отырып көрсету және бюджет қаражатын, ең алдымен, мемлекет көмегіне шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау.

Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесі халықтың түрлі санатын қамтып, әлеуметтік төлемдер мен қолдау шараларының кең ауқымын ұсынады. Сонымен қатар жекелеген әлеуметтік көмек түрлерін тағайындаудың қолданыстағы тетіктері алушылардың нақты материалдық жағдайын әрдайым толық ескере бермейді.

Сондықтан табысы жоғары әрі ауқатты отбасылар да өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтармен бірдей мемлекеттік қолдау алуы мүмкін.

Министрлік әлеуметтік қолдау көрсету тәсілдерін жетілдіру, оның атаулылығы, әлеуметтік әділдігі және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру бағытында жұмыстарды жүргізуде.

Пилоттық жоба аясындағы жаңа тәсілдер отбасының материалдық жағдайын бағалау нәтижесінде әл-ауқаты жоғары және ауқатты санаттарға жатқызылған отбасылар алатын 36 әлеуметтік төлемнің 12 түріне қолданылады.

Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартуды білдірмейтінін, керісінше, мемлекеттік қолдауды бөлу тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өткен жөн.

Өзгерістердің басты қағидаты – әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерінің көлемі мен сипатын азаматтардың нақты қажеттіліктері мен отбасыларының материалдық мүмкіндіктерін ескере отырып айқындау.

Мұндай тәсіл әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға, бюджет қаражатын неғұрлым әділ бөлуге және мемлекет қолдауына аса мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмекті күшейтуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны іске асыру барысында азаматтардың құқықтарын қорғауға, отбасылардың материалдық жағдайын объективті бағалауға және мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді негізсіз шектеуге жол бермеуге ерекше мән беріледі.

Осы мақсатта әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың қолданыстағы тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізу, ұсынылып отырған өзгерістердің ықтимал әлеуметтік салдарын бағалау және азаматтардың мүдделерін ескере отырып, тиісті шешімдер әзірлеу көзделген.

Аталған жұмысты үйлестіру үшін Еңбек министрлігінің базасында арнайы жобалық офис жұмыс істейді.

Жобалық офистің құрамына Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, Құрылтай өкілдері және сарапшылар қауымдастығының мүшелері кіреді.

Ұсынылып отырған тәсілдерді жан-жақты қарау, олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау, ықтимал тәуекелдерді бағалау және әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ортақ ұстанымға негізделген ұсыныстарды әзірлеу басты назарға алынады.

Сондай-ақ туындайтын мәселелерді объективті әрі кешенді қарастыру мақсатында жұмысқа сала мамандары мен тәуелсіз сарапшыларды тарту жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл ретте талдау нәтижелері, ұсынылған тетіктердің тиімділігі және заңнамада белгіленген әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы ескеріледі.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік осал топтарды қорғау және әлеуметтік қолдаудың әділ, ашық әрі атаулы жүйесін қалыптастыру екенін атап өтеді.

Мемлекеттік көмек, ең алдымен, оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетіліп, бюджет қаражаты қоғам игілігі үшін барынша тиімді пайдаланылуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

Бүгін 15:09

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасып келеді

Бүгін 15:03

Алматыда сүт безі ісіктерінің заманауи диагностикасы бойынша курс өтті

Бүгін 14:46

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:30

Үлкен Алматы көлінің қысқы көрінісі скрипкашыға шабыт сыйлады

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);