AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Лареш...

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Экономика Бүгін 14:30 28
Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының Қазақстан бойынша басшысы Амина Ларешпен кездесті. Жиында Қор миссиясының қорытындысы шығарылып, Қазақстан мен ХВҚ арасындағы өзара іс-қимылдың жақын және орта мерзімді кезеңдегі перспективалары талқыланды.

Премьер-министр елімізде жүргізілген институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Шілде айында Әділетті әрі Күшті Қазақстанның негізін қалаған Конституция күшіне енді. Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында цифрлық экономиканы дамыту және экономикалық өсудің жаңа көздерін қалыптастыру бағытын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Еліміздің экономикалық саясатын жетілдіру үшін халықаралық тәжірибені пайдаланудың және ХВҚ-мен сараптамалық диалог жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

«Біздің диалог тұрақты миссиялар мен мақсатты консультациялар және ХВҚ тарапынан мемлекеттік органдарға техникалық көмек көрсету шаралары аясында жалғасуда. Осы миссияның қорытындылары бойынша ұсыныстар еліміздің макроэкономикалық және макропруденциалық саясатын одан әрі жетілдіру үшін пайдалы бағдар болады деп сенемін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Амина Лареш миссия жұмысының қорытындысын жария ете отырып, Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға оң баға берді.

«Біз Қазақстанға Президент халыққа Жолдауын жариялап, инфрақұрылымды дамыту және адам капиталына салынатын инвестициялардың маңызды басымдықтарын белгілеп бергеннен кейін көп ұзамай келдік. Қазақстанның экономикалық әлеуетінің зор екенін атап өткіміз келеді. Біздің арамыздағы диалог пен ұсынылып отырған ұсынымдар азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал етеді деп үміттенеміз», — деп атап өтті ХВҚ миссиясының Қазақстан бойынша  басшысы.

ХВҚ-ның қазан айындағы болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасы 2026 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетуді жалғастырады, ал келесі жылы экономикалық өсім қарқыны жеделдей түседі. Қордың мәліметінше, Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде сыртқы факторларға тұрақтылығын сақтап отыр. Дамудың басымдықтары баға тұрақтылығы, ақша-несие және бюджеттік саясатты үйлестіру, бюджеттік резервтерді қалпына келтіру және сауданы әртараптандыру болып саналады.

2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,5%-ды құрады, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,9%-ға артып, 18,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында оң динамика байқалды, бұл ретте ең жоғары өсу қарқынын машина жасау (22,2%) және фармацевтика (50,9%) көрсетті. Ауыл шаруашылығы 5,2%-ға өсті.

Кездесу соңында Үкіметтің сындарлы диалогті қолдауға және перспективалы салаларда Қормен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығы расталды. ХВҚ-ның барлық ұсыныстары мен ұсынымдарын салалық мемлекеттік органдар зерттейді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #премьер-министр #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көлінің қысқы көрінісі скрипкашыға шабыт сыйлады

Бүгін 14:16

Алматыда Қалқаман шағынауданының тұрғындары үшін аула аумағы жаңартылды

Бүгін 14:11

Telegram мен әлеуметтік желідегі радикалды насихат: алматылықтар нені білуі керек?

Бүгін 13:59

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы  

Бүгін 12:47

Алматының гастрономиялық әлеуеті: қалаға Оңтүстік Кореяның танымал аспазшысы Sin Keun Choi келеді

Бүгін 12:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);