AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шекарадан өту шарттары жеңілдетілді

Шекарадан өту шарттары жеңілдетілді

Әлеумет 20.10.2021, 06:10 1,496
Шекарадан өту шарттары жеңілдетілді
Сурет: Parstoday.com

Ел аумағынан сыртқа шығудың тәртібі жеңілдетілді


ҚР Үкіметінің жанындағы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік шекарадан кіріп-шығудың шарттарын жеңілдетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі хабарлады.


«COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтудегі шектеулер жалғасады. 2021 жылдың 13 қазанында Қазақстан Үкіметінің жанындағы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантин шектеулері кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа тәртібін бекітті. Бұл құжатпен knb.gov.kz интернет ресурсының және ресми каналдардың «Пайдалы сілтемелер» бөлімінен оқып танысуға болады», делінген шекара қызметінің Instagram парақшасында.


Жаңа ережеде ел аумағынан сыртқа шығудың тәртібі жеңілдетілді. Отбасы мүшесінің немесе жақын туысының қазасына, қатты ауырып жатқан туысқанын көруге шыққан болса, Қазақстан азаматы шекараны жұбайымен және кәмелекетке толмаған баласымен бірге кесіп өте алады.


Бірақ бара жатқан туысқаны мен оның арасында ерлі-зайыптылық, ата-ана мен бала, асырап алған немесе асырап алынған туысқандық, толыққанды немесе жартылай ағайындылық, ата-әже мен немере сияқты туыстық қатынасы болуы керек.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #кіріп-шығу шарттары #жеңілдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика