AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонн...

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Экономика Бүгін 11:56 37
Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді
Primeminister.kz

Инвестициялық субсидиялар бірінші кезекте отандық техника өндірушілерді қолдауға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларға ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозу деңгейін 70%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде жүргізіліп жатқан егін жинау науқанына 130 мың трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың жатка және 130 мың бірлік өзге де техника жұмылдырылды. Оның ішінде егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында сатып алған 12,7 мыңнан астам трактор мен 2 340 комбайн қатысуда. Бұл қолда бар тракторлар мен комбайндар паркінің шамамен 10%-ын құрайды. Инвестициялық субсидиялар бірінші кезекте отандық техника өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар маусымдық дала жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарын жеткізу көлемдері төмендегідей бөлінді:

«Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күнге 268 мың тоннасы немесе бөлінген көлемнің 67%-ы жөнелтілді. Сонымен қатар егін жинау кезеңіндегі жауын-шашынды ескере отырып, астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді», – деді Азат Сұлтанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар – экологиялық бастамалардың қозғаушы күші

Бүгін 12:45

Бір реттік акциялардың орнына инфрақұрылым қалыптасып келеді

Бүгін 12:41

Алматыда экологиялық мәдениет қалай дамып келеді

Бүгін 12:37

Германияның «Handelsblatt» басылымы Тоқаевтың мақаласын жариялады

Бүгін 12:33

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);